Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Кіріспе


II – тарау Батыс Қазақстан аумағындағы ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру



бет2/5
Дата11.06.2016
өлшемі423.5 Kb.
#128272
түріРеферат
1   2   3   4   5

II – тарау Батыс Қазақстан аумағындағы ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Батыр» ЖШС-нің қызметін ұйымдастыру жолдары.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Батыр» Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады. Серіктестік құрылтайшысы болып ЖШС «Мирас» табылады.

Серіктестік атауы: мемлекеттік тілде ЖШС «Батыр»;

орыс тілінде ТОО «Батыр»

Серіктестіктің орналасу мекен жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Мұнайшы көшесі. Серіктестіктің іс- әрекетінің мерзімі шектеусіз. «Батыр» ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің негізгі түрлері болып: құрылыстық – монтаждық жұмыстар, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс – жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. ЖШС «Батыр» лицензия негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік лицензия № 001427, мемлекеттік тіркелуге тұру туралы куәлігі № 3507-1915-ЖШС.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге . Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды. Серіктестіктің жоғарғы органы болып ЖШС «Мирас» табылады. ЖШС «Мирас»- тың қатысушысы осы ЖШС «Батыр» іс- әрекетімен байланысты кез–келген сұрақтарды қабылдауға құқылы. Атқарушы органы болып – директор табылады. Серіктестік іс- әрекетінің нәтижесін, бухгалтерлік есебін, қаржылық және статистикалық есебін жүргізеді. Осы іс-әрекетінің нәтижесі бойынша алынған таза табысы серіктестік қатысушысының шешімімен бөлінеді. Серіктестіктің мүмкін болған зияндары резервтік қор есебінен жабылады.

«Батыр» ЖШС-нің іс- әрекетінен түскен табысы соңғы үшжылдық мәлімет бойынша жылдан-жылға төмендеген. Бұл іс- әрекеттерден түскен табыстары 1- кестеде көрсетілген.

1 – кесте


Өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруден түскен табыс көлемі мен құрылымы.




Іс-әрекет атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

мың

теңге


үлес салмағы %

мың

теңге


үлес салмағы %

мың

теңге


үлес салмағы %

1

Құрылыстық-монтаждық жұмыстан табыс

150419,2


30,4

146533,5

32,2

143488,8

33,6


2

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

111824,8

22,6

106487,08


23,4

104200,2

24,4


3

Ізденіс- жобалау жұмысы

49480


10


38681,2


8,5


32028,7


7,5


4

Сауда және коммерциялық іс-әрекет

102918,4


20,8


87374,02


19,2


83274,7


19,5


5

Құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі

73725,2


14,9

68260,9

15

61922,25

14,5

6

Басқалай қызметтен табыс

6432,4

1,3


7736,2

1,7

2135,25


0,5




Барлығы

494800

100

455073

100

427050

100

Ең негізгі көрсеткіш болып - өндірілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) бойынша табыс көлемі мен құрылымы табылады. 1-кестеден көріп тұрғанымыздай, іс-әрекеттерден түскен табыс құны төмендеу тенденциясы көрсетіп тұр. ЖШС «Батырдың» құрылыстық-монтаждық жұмыстан табыс басқа іс-әрекеттерге қарағанда 33,6 пайыз жоғарғы үлес салмақты көрсетіп тұр. Яғни, оның барлық құны 2005 жылы 494800 мың теңгені құраса, 2007 жылы 427050 мың теңгені құрап тұр. Сондай-ақ, жылдан-жылға, кейбір іс-әрекеттен табыс көп түссе, кейбіреумен аз түскен. Мысалы, құрылыстық- монтаждық жұмыстан табыс жылдан-жылға төмендеген. Бірақ, басқа қызметтерге қарағанда ең үлкен үлесті осы іс-әрекет алып отыр. Басқа қызметтерде жылдан-жылға түскен табыс төмен. Бұл, әрине, өндірісте басты рөлді алатын негізгі құралдарға тығыз байланысты. Кәсіпорынның іс-әрекеті негізгі құралдарсыз қалыптасуы мүмкін емес «Батыр» ЖШС-нің негізгі құралдарының көлемі мен құрылымын 2 – кестеден көруге болады.


2 – кесте

«Батыр» ЖШС-нің негізгі құралдарының көлемі мен құрылымы.






Негізгі құралдардың атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

мың

теңге


үлес салмағы

%


мың

теңге


үлес салмағы

%


мың

теңге


үлес салмағы

%


1

Ғимараттар

33322

29,6

49704

37,9


53055

36,7


2

Құрылыс

3218


2,9

4314

3,3


4193

2,9


3

Беріліс құралдары

2441

2,2

3007

2,3


3325

2,3


4

Машина құрал - жабдықтары

31136


27,7


48933


37,3

56525

39,1


5

Көлік құралдары

12538

11,1

18018

13,7


19661

13,6


6

Шаруашылық инвентарь құралы

485


0,4


525


0,4

578

0,4


7

Өндірістік емес мақсаттағы нгізгі құрал

29339

26,1

6683


5,1

7228

5




Барлық сомасы

112479

100

131184

100


144565

100

2-кестені қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: негізгі құралдардың барлық құны 2005 жыл – 112479 мың теңгені құраса, 2007 жылы – 144565 мың теңгені құрады. Бұл, әрине, жаңа линиялы өнім өндірісі бойынша игеру және тұтынуға байланысты жылдан-жылға өсіп тұрғанын көреміз. ЖШС «Батырдың» негізгі құралдардың ішінен машина құрал-жабдықтардан табыс 39,1 пайыз жоғарғы көрсеткішті көрсетіп тұр. Үш жылдық негізгі құралдар құны мен үлесіне талдау жасасақ , көп жағдайда, өндірістік мақсаттағы құралдар құны 2006 жылда алатын үлесі басқа жылдарға қарағанда жоғары болып келеді де, 2005 жылы өндірістік емес мақсаттағы негізгі құрал құнының алатын үлесі жоғары. Анықталған кезең бойынша өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар құны жылдан-жылға тез төмендеуін көруге болады. Оның себебі: кәсіпорынның алатын табысы көбіне өндірістік мақсатқа байланысты болғандықтан. Жалпы, табысты алу мақсатында, міндетті түрде қатарласып шығындар жүреді. Сондықтан да, қаржылық нәтижені құрмастан бұрын өндіріске кеткен шығындар құрамы мен көлемі қажет. Оны 3-кестеден көруге болады.
3 – кесте

ЖШС «Батырдың» өндіріске кеткен шығындар құрамы мен көлемі.






Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

мың

теңге




үлес салмағы

%


мың

теңге


үлес салмағы

%


мың

теңге


үлес салмағы

%


1

Материалдық шығындар:

396726

83,3

342056

82,4

335267

82,1


а) шикізат, материал

282983



267247




248137





б) отын

29400




13107




10200




в) электр энергиясы

56698





32674



40110





г) жұмыс және қызмет

11057




13204





12600





д) көлік шығындары

16588




15824




14020





2

Еңбекақы шығындары:

65720

13,8

63725

15,8

64236

15,7


а) еңбекақы

52325




50185




49603




б)еңбекақыдан аударым

13396




13540




14633




3

Негізгі құралдардың тозуы

3395


0,7


1975


0,5


2012


0,5


4

Басқалай шығындар

10272

2,2

7322

1,8

6808

1,7





Барлық сомасы

476113

100

415078


100

408333

100


3 – кестеден көрініп тұрғандай, өндіріске кеткен шығындар құрылымы мен көлемі жылдан-жылға төмендеген. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты болып келеді. Егер, шығынның барлық сомасы 2005 жылы 476113 мың теңгені құраса, ал 2007 жылы ол 408333 мың теңгені құраған. Яғни, оның номенклатурасы бойынша шығын құрамы да өзгерген. Нәтижесі бойынша, материалдық шығын құны төмендесе, еңбекақыға шығындар 2006 жылдан 2007 жылға барғанда аздап жоғарылап, 2005 жылы қайтадан көлемі төмендеп кеткен. Еңбекақы шығынының былай өзгермелі болуы еңбекақы қоры мөлшеріне байланысты.

4 – кесте

ЖШС «Батырдың» өндірісінің көлемі. (мың теңге)






Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

1

Іс-әрекеттен алынған табыс

494800

455073

427050

2

Негізгі құралдар құны

92479

131184

144565

а) өндірістік

83140

124501

187200

б) өндірістік емес

29339

6683

7365

3

Жұмысшылар саны (адам)

1033

1005

1200

Соның ішінде: өндірістік персонал саны

523


525


4

Еңбекақы қоры

35668

42313

43401

5

Жылдың соңындағы жарғылық капитал мөлшері

7730


7730


7730

4 – кесте бойынша ЖШС «Батырдың» іс-әрекеттен алған табысы жылдан-жылға төмендегенін көреміз. Бұл ауылшаруашылық өнімін өндіруші, жеке сектордан келіп түсетін өнім өндірісі қызметтер үшін негізгі шикізаттың аз болуынан. Бұл табыс жеке кәсіпкерлерден туындайтын конкуренция әсерінен де болады. Конкуренция жағдайында маңызды орынды жұмыстың сапасы алады. Ал, негізгі құралдардың құны жылдан-жылға өскенін көреміз. Бұл негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты. Жұмысшылар саны үш жылда көп өзгере қоймаған. Орташа айлық еңбекақы 2006 жылы 3014 теңгені құраса, 2007 жылы 2680 теңгені құрайды. Бұдан кәсіпорынның орташа еңбекақысы мемлекетпен кепілденген кіші еңбекақыға қарағанда 13 пайызға жоғары екенін байқаймыз. Міне, осыған сай еңбекақы қоры 2005 жылы 35668 мың теңгені құраса, 2007 жылы 43401 мың теңгені құрайтынын көруге болады.

Серіктестік қатысушысының негізгі құқықтары:

1) Серіктестік іс-әрекетінен табыс алу;

2) Серіктестік іс-әрекеті туралы және құжаттары туралы ақпарат алу;

3) Жарғымен анықталған ретте серіктестік ісін басқаруға қатысу;

4) Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын серіктестік ликвидация жағдайында алуға құқылы.

Серіктестік қатысушысы міндеттері:

1) Құрылтайшы құжаттарын талап етуге,

2) Салымды мерзімінде, ретте, тәсілдер мөлшерінде құрылтайшы құжатымен қаралған ретте енгізуге;

3) Серіктестіктің коммерциялық құпиясы бар мәліметін жарияламауға міндетті.



2.2 ЖШС «Батырдың» экономикалық қызметін жетілдіру жолдары.
Кәсіпорынның қаржы жұмысы –экономикалық қызметтің басты бөлімі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі мақсаты ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау.

Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі бөлімдері мынадай:

1. Қаржы жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспарының баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары,жасақталады.

2. Жабдықтаушылармен есеп айырсу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім-шарт жасақталып, олармен есеп айырсуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.

3. Қаржы органдармен есептесу. Бұл жерде бюджетпен есеп айырысу бойынша, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу операциялары бойынша мәселелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.

4. Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігімен айналымдылығын үдету көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.

5. Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.

6. Кассалық операциялар. Мұнда кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, олардың қаржы жағдайына байланысты болады

Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру - бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.

ЖШС “Батырдың“ қаржылық және өндірістік есебін, салық есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының заңдылығын есепке алады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының “бухгалтерлік есеп туралы”, “салық кодексі”, “аудиторлық қызметі туралы”, “бухгалтерлік есеп стандарты” , тағы да басқа заңдылық нормативтік актілерді жатқызуға болады.

ЖШС “Батырда” бухгалтерлік есеп жұмыстары енді ғана компьютерлендіруге көшіріліп жатыр. Қаржы есебі қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен байланысты олардың элементтері: табыс пен шығыстар болып табылады.Өнімді сатудан түскен түсімнен, олардың өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарын шегерген соң, қалған айырмасы табыс (зиян) болып есептеледі.

Өндірістік мақсаттағы негізгі құралға өндірістік емес негізгі құралға қарағанда алатын үлесі бірнеше есе жоғары. Ең көпүлесті алатын негізгі құралдар болып – көлік құралдары мен машина және құрал – жабдықтар табылады, ал ең аз үлесін басқалай негізгі құралдары алып отыр

Кәсіпорында қаржылық жұмыс бойынша жасалған үлкен кқзқараспен қарастырылады. Осы қаралған жұмыстың барлығы кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты болады.

Қаржы жұмысының негізгі тапсырмасы болып табыстың жоғарлау жолдарын іздестіру және рентабельділігінің жоғарлауы, салымдар және басқа да шаруашылық кәсіптер, қаржылық органдардың алдындағы міндеттерді уақытында және толық орындау , сонымен қатар қаржы органдарының банктің жабдықтаушылардың, жұмысшылардың еңбекақы бойынша міндетті түрде уақытылы және толық орындау міндеті, мекемелер есебінен рационалдық басқару, басқару мен және тұлғалармен, қолданылған, алынған құралдар қаржылық реттеу және несиелендіру толық белгілеу, айналым қорларын сақтандыруды қамтамасыз ету және олардың қолданылу әсері, кассалық және қаржылық және қаржылық операцияларды ереже бойынша қалыптастыру.

ЖШС «Батырдың» шаруашылық іс-әрекетінің соңғы мақсатты нәтижесі болып пайда табылады. Салық және өзге де төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның таза пайдасы қалыптасады. Осылардың үш жылдағы мөлшерін білу үшін қаржылық нәтижесінен 5-кестеден көре аламыз. Сонымен ең соңғы көрсеткіш – ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесіне тоқталайық.

5 – кесте

ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесі. (мың теңге)






Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

1

Өнімді өндіруден түскен табыс (сатудан)

438613


437613


328502


2

Өндірілген өнімнің өзіндік құны

417823

356830

247849


3

Өнімді сатудан түскен таза табыс

368434,9

367594,9

275941,7


4

Жалпы табыс

20790

80783

80653

5

Жиынтық табыс

49388

10764,9

28092,7

6

Кезең шығындары

37756

80616

79755

Соның ішінде: жалпы және әкімшілік шығындар

8370

25556

31904


7

Өндіру шығындары

22276

54031

47196

8

Пайыздық шығындар

-

1029

655

9

Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

-16966

167

898


10

Негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

41560

-

-866


11

Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

31704

167

32


12

Корпоративтік табысқа салық

9511

50,1

9,6

13

Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

22192,8

116,9

22,4


14

Төтенше жағдайлардан алынған кіріс

-

-

-


15

Таза кіріс, пайда

22192,8

116,9

22,4

Өнімді өндіруден түскен табыс жылдан-жылға өсетінін көреміз. Жалпы табысын табу үшін: Жалпы табыс = өнімді өндіруден түскен табыс - өндірілген өнімнің өзіндік құны. Ал, өнімді сатудан түскен таза табысты анықтау үшін әуелі өнімді өндіруден түскен табыстан ҚҚС ұстаймыз. Яғни, 438613*15% = 70178 мың теңге, содан соң өнімді сатудан түскен таза табыс = 438613 – 70178 = 368434,9 теңгеге тең. Жиынтық табысты анықтау үшін = өнімді сатудан түскен таза табыс - өнімнің өзіндік құны = 368434,9 – 417823 = - 49388 мың теңгеге тең. Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс немесе зиянды жабу үшін = жалпы табыс – кезең шығындары = 20790 – 37756 = - 16966 мың теңгеге тең. Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған табысты анықтау үшін = негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс + негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс = - 16966 + 41560 = 31704 мың теңге. Корпоративтік табысқа салықты анықтаймыз 31704*30% = 9511 мың теңге. Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиянды) табу үшін 31704 – 9511 = 22192,8 мың теңгені құрады. Таза кіріс немесе пайданы табу үшін салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс – төтенше жағдайлардан алынатын кіріс = 22192,8-0 = 22192,8 мың теңге.

Таза кірістің бір бөлігі резервтік капиталды қалыптастыруға және толықтыруға аударылады. Сондай-ақ , таза пайда немесе кіріс өткен жылда шыққан зиянды жабуға жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет