Қазақ халқы əлеуметтік құрамы жағынан екі топқа бөлінген:
Феодалдар — бұларға Шыңғыс тұқымынан шыққан ақсүйектер-сұлтандар, қожалар жатты. Бұлардың екінші сатысында — билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді «төре», немесе «оғлан», деп атаған:
Ақсүйектерге қарама-қарсы халықтың өзге тобын қарасүйек деп атаған. Бұларға жергілікті ру- тайпа адамдары жатты. Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай, «төре», немесе «тақсыр», деп атаған.
Қарапайым халыққа — қараша, қара кісі, шаруа, бұқара, құл-құтан деген сөздер қолданылған. Қараша — мал-мүлкі, өзіндік құқығы бар еркін адам. Хандық қоғамның төменгі сатысында қатардағы малшылар тұрды. Бас бостандығы жоқ ер адамдарды құлдар, ал əйелдерді күңдер деп атаған. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар немесе қарызын, алым-салығын өтей алмаған адамдар құлдықта жүрді. Құлдардың ешбір куəлік беруге құқығы болмаған. Қожайыны оған қандай қаталдық жасап жатса да, оларды ешкім қорғамаған.
Қорыта келе айтарымыз, қазақ елінің соңғы ханы Кенесары опат болғаннан кейін ғана, Қазақ хандығы 1847 ж. жойылды деп есептеу керек. Қазақстанды Ресей 1865 ж. толық жаулап алды. 1868 жылдан отарлау басталып, ол 1991 жылға дейін созылды.
Достарыңызбен бөлісу: |