Типовой Договор №4



бет1/2
Дата17.04.2024
өлшемі19.74 Kb.
#498981
  1   2
stud.kz-43128


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ресейге қосылу
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жоңғарлар тарапынан төнген қауіп қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. 1730 жылы кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыстың патша әйелі Анна Ивановнаға Ресейге қосылу туралы өтініш береді. 1733-1734 жылдары мұндай өтініштер орта жүз бен ұлы басшыларынан да түседі. Бірақ Ресейге қосылу екінші жағынан патша өкіметінің Қазақстанды отарлау процесі 100 жылдан аса уақытқа созылды.
XVІІІ- XIX ғасырлардың тоғысында Орта Азияда Қоқан хандығы құрылды. Әлімхан (1801-1809) Қазақстанның оңтүстігіне әлденеше рет басқыншылық жорық жасап, көптеген елді – мекендерді, оның ішінде көне Шымкент шаһарын да басып алды.
Ресейге қосылу
XVІІІ ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында орта жүз бен кіші жүз аумақтарының басым бөлігі Ресей империясының құрамына енгізілген болатын. 1824 жылы оның құрамына Жетісу аймағы да кірді. Тек Оңтүстік Қазақстанның аумағы ғана Қоқан хандығының қол астында қала берді. XIX ғасырдың екінші жартысында патша өкіметі өзінің Орта Азиядағы әрекеттерін белсендіре түсті. Орыс әскерлерінің шабуылы 1864 жылы басталды. Олар жаз бойына қоқан әскерлерін тас – талқан етіп, Түркістан, Әулие ата (қазіргі Тараз) және Меркі қалаларын, 1864 жылы 22 қыркүйекте шабуылдардың нәтижесінде Шымкент қаласын өздеріне қаратады. Сөйтіп Қазақстанды Ресейге қосып алу процесі осылай аяқталды.
Экономикасының дамуы
1867 жылдан бастап Шымкент, Шымкент сырдария облысының уездік қаласына айналды. Шымкенттің шаруашылық сипаттамасы Түркістан өлкесі бойынша жолсілтемеде (1901) берілген: «Ол Ташкентті Сайрам бидайымен, таза сиыр сүтімен жабдықтайды. Еділ бойындағы шұға тоқу фабрикалары одан жүн, ал шетелдік зауыттар тері, шұжық және аспап шеберлері ішектер алады. Қаланың жылқы саудасымен даңқы шыққан» деп көрсетілген.
ХХ ғасырдың басында Шымкентте 3 май шығарғыш, 5 тері зауыты, 15 кішігірім кірпіш зауыты, 26 диірмен болған. 1885 жылы салынған сантонин зауыты ірі өнеркәсіп орны болған (қазір «Химфарм» ААҚ), олардан басқа 4 мақта тазалайтын өндіріс, 15 ұстахана, 15 сабын қайнататын өндіріс ошағы болған. 1915 жылы Жетісу теміржолының Арыс – Шымкент учаскесі пайдалануға берілген. 1914 жылы қыркүйекте сенаттың бұйрығымен Шымкентке Черняев аты берілген. Дегенмен, 1921 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылады.
Отаршылдық саясаты
Өлкені әскери – қазақтық отарлаудың орнын Ресейдің орталық губерниялары мен Украинадан шаруаларды жаппай көшіру науқаны алмастырды. Облысқа келімсектерді орналастыру ХІХ ғасырдың 70 жылдарында басталды. Мыңдаған қоныс аударушы-шаруалар отбасыларымен және жадау – жүдеу дүние – мүлкімен Патшалық Ресейдің шет аймағы – Қазақстан мен Орта Азияға ағыла бастады. 1906 жылғы мәліметтер бойынша Шымкент уезінде 1887-1899 жылдары құрылған, халқы 8062 адамдық 18 шаруа қоныстары болған. Олардың ішіндегі ең ірілері Ванновка, Вазнесеновка, Высокое, Антоновка (қазіргі ОҚО Түлкібас ауданының қарамағында) және Белые Воды (Сайрам ауданында) болды.
Қоныстанушылар мен қазынаның пайдасына қазақтардың атақонысатры мен егіндік, мал жайылымдарын тартып алу көптеген әкімшілік шаралары жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Бұл наразылық ақырында 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтеріліске ұласты.
Империяның күйреуі
1917 жылы Ақпан революциясы жеңісінің өзі дей құлаудың алдында тұрған Ресей империясының соңына нүкте қойды. Сол жылдың 30 наурызында Түркістандағы Уақытша үкіметтің комиссары қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Шымкентте солдат депутаттарының, оның артынша жұмысшы депутаттардың кеңесі құрылды. Соңғысының төрағасы болып большевик Н.Морозов тағайындалды.
Кеңес өкіметі
Түркістан өлкесі кеңестерінің V төтенше съезінде (1918 жылдың суәр – мамыр айлары) РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық республикасы құрылды.
1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық межелесуі орын алды. Шымкент, Әулие ата, Түркістан, Ташқазақ, Қазалы, Ақмешіт уездерінен тұратын Сырдария губерниясы құрылды. Губерния халқының саны 742 мың адам (жергілікті ұлт өкілдері 90,5%) болды.
БК(б)П XІV съезі (1925 жыл) индустрияландыруға бағыт алды. Индустрияландырудың ең ірі құырылыстарының бірі ұзыныдығы 1445 шақырым Түркістан – Сібір (Түрксіб) темір жолының құрылысы бодлы (1927 жыл). Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. Оған жәрдемдесу комитетін Тұрар Рысқұлов басқарды. Жол құрылысы 1930 жылдың сәуірінде аяқталды. 1931 жылы аса ірі кәсіпорын – Шымкент Қорғасын зауытының құрылысы басталды. Ащысай, Хантағы кен орындарының, кен байыту фабрикаларының, Шымкент Жылу электр стансасының, Ленгір көмір шахтасының, темір жол желілерінің, жұмысшы поселкелерінің құрылыстары басталды.
Көшпенділер қасіреті
Түркістан, Келес, бадам, Қаратас аудандарының көшпелі және жартылай көшпелі халқын күштеп отырықшыландыру әрекеті олар үшін үлкен қайғы – қасірет алып келді. Олардың негізінде алып колхоздар ұйымдастырылды. Мал шаруашылығында нағыз басталды. Мал басы 40,5 млн – нан 4,5 млн – ға дейін кеміді. Әсіресе, түйе, жылқы, қой шаруашылықтары көп шығынға ұшырады. Соның салдарынан 1931 – 1933 жылдары республикада ашаршылық болып, 6,5 млн халқтың 2,1 млн – нан астамы қырылды. Аштықтан, өкімет органдарының қуғын – сүргінінен қашып, 1 млн адам шет елдерге өтіп кетті.
Оңтүстік Қазақстан облысының құрылуы
Аса күрделі саяси және экономикалық кезеңдерде әкімшілік аумақтық бөлу жөніндегі эксперименттер басталды. 1928 жылдың қаңтарында сырдария губерниясы 21 ауданнан тұратын Сырдария округі болып қайта құрылды. Содан көп ұзамай БОАК-нің 1930 жылы 23 шілдедегі қаулысымен округтерге бөлу жойылып, аудандарға бөлу енгізілді. Сырдария округінің құрамында енді 18 аудан қалды. 2 жылдан соң 1932 жылы Қазақстан аумағында 6 облыс, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. БОАК-нің 1932 жылғы 10 наурыздағы осы жөніндегі қаулысы облыстың дүниеге келген күні болып есептеледі. 1938 жылы облыс тағы да әкімшілік – аумақтық өзгерістерге ұшырады: оның құрамынан алғашқыда Қызылорда облысы, одан соң 1939 жылы Жамбыл облысы бөлініп шықты. 1962 жылы орталығы Шымкентте Оңтүстік Қазақстан өлкесі құрылды. Оның құрамына Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары енді. 1964 жылдың желтоқсанында «өлке» жойылып, Шымкент облысы осы атын сақтап қала берді. 1992 жылы 6 шілдеде ҚР Жоғарғы кеңесінің қаулысымен оған бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы деген аты қайтарылып берілді.
Социялизм жолында
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары түсті металлургия, химия, тас көмір өнеркәсіптерінің дамуына аса зор көңіл бөлінді. Шымкент қорғасын зауыты алғашқы өнім берді. Қуаты жөнінен ол Одақта бірінші, әлемде үшінші орында тұрды. Ленгірде, Келтемашатта, Боралдайда көмір кеніштерін игеру басталды. Мақта өндіру ісінде де бетбұрыс басталды. Экономикамен бірге аймақтың мәдениеті де дамыды. 1934 жылы драма театр жұмыс істей бастады.
Сталиндік қуғын – сүргіндер
ХХ ғасырдың 1930, 1940, 1950 жылдары жаппай саяси қуғын – сүргіннің салдарынан облыстың 3 мыңнан аса адамы әр түрлі жазаға ұшырады. Облыстың 56 басшы қызметкерінен 36 адам ату жазасына кесілді. Олардың ішінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А. Досов, облатком төрағасы В. Случак, облатком жауапты хатшысы Б. Ержанов, облыстық газеттердің редакторлары П. Грехнев пен Р. Жаманқұлов, т.б. болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс
1941 жылдың 22 мауысмында КСРО Ұлы Отан соғысы басталды. Алып елдің басқа да халықтарымен берге оңтүстікқазақстандықтар да соғыс ауыртпалығын бастан кешірді. Соғыстың алғашқы айларында өлкемізге Воронеж пресс – автомат зауыты, Харьковтың шұлық және айна фабрикасы, Подольскінің илеу – құю зауыты, Киевтің химия – фармацевтік зауыты, Мәскеу алколоид зауыты, Кременчугэлектро стансасы көшіріп әкелінді. Кәсіпорындардың бірсыпырасы облыстың аудандарына орналасты: шыны зауыты – «Күйік» совхозына, трактор шеберханасы – Сайрам ауданына, электростанса – Түркістан ауданына, Мақта иіру фабрикасы – «Мақтаарал» совхозынан орын тепті.
1942 жылы барлық көшіріп әкелінген кәсіпорындар өнім бере бастады.
Облысқа сонымен берге, КСРО Архитектура академиясы, Дүниежүзілік, экономика мен саясат институты, География институты, Дәрілік шөптердің Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты (ВИЛАР) көшіріп әкелінді. Көшірілген ұжымдардың арасында Моссовет атындағы театр да болды.
Жеңіске қосылған үлес
Оңтүстік Қазақстан облысынан 47 азамат Кеңес Одағының батыры атағын алды. 9 жерлесіміз 1, 2 және 3 – дәрежелі Даңқ ордендерінің иегері болды.
Соғыс бастала салысымен – ақ облыс КСРО – ның Германиядан әскери – экономикалық артықшылығын қамтамасыз етуге қомақты үлес қосты. Мамандардың есептері бойынша, басқыншыларға қарсы атылған әрбір 10 оқтың 7 – уі Шымкент қорғасынынан құйылған.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің аса маңызды ауылшаруашылық аймағына айналды. Ол майданды Орал, Сібір және Еділ бойының ірі өнеркәсіп орталықтарын астықпен, маймен, жүнмен қамтамасыз етті. Майданға жеміс – жидек пен көкөніс жіберіп отырды. Соғыс жылдарында облыстан 2 млн пұт ет, 800 мың литр сүт, 100 мың ірі қара мал және 1 млн – нан астам қой және ешкі терісін, 44 мың 80 пұт жүн, 2 млн 120 мың пұт астық берді.
Мамандардың сол кездегі есептері бойынша облыс тапсырған мақтадан тоқылған матамен Қызыл Армияның 7 млн жауынгерін киіндіруге болатын еді.
1942 жылдың мауысымында облыс еңбекшілері Ленинград тұрғындарына 287 бас мал, 160 центнер шұжық, 35 центнер мал майын және 80 центнер өсімдік майын, 120 центнер ұн, 270 центнер жеміс қағы мен көкөніс, 30 центнер жаңғақ, 170 центнер кондеитер тағамы, 560 литр шарап өнімдерін аттандырған.
Көптеген оңтүстікқазақстандықтар Жеңіске өз үлестерін қосты. Мәселен, атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов еңбекшілер арасында түрлі спорттық өнер көрсету жолымен 100 мың сом жинап, оны Амангелді Иманов атындағы жеке ұшақ жасауға берді. Жауынгерлік техника құрылысына «Ақтас» клохозының төрағасы Б. Оңдасынов өзінің жеке жинаған ақшасынан 166 мың сом, «Бірлік» колхозының төрағасы А. Жүсіпов 65 мың сом, «Қызылабад» колхозының төрағасы М. Ізбасаров 170 мың сом өткізді.
Соғыстан кейінгі даму
1950 – 1960 жылдарда экономика жақсы қарқынмен дамыды. Шаруашылық реформалары, шаруашылық есептің енгізілуі, экономикалық және материалдық ынталандыру, кәсіпорындарға үлкен дербестік беру, аграрлық сасясаттағы бірқатар өзгерістер жағымды нәтижелер берді. Қысқа мерзім ішінде қаракөл, гидролиз, экскаватор, «Электроаппарат» зауыттары, мақта – мата комбинаты, «Восход» тігін фабрикасы салынды. Шымкент және Састөбе цемент зауыттары өнім берді. Ташкент – Шымкент газ құбыры салынып жатты. Химия өнеркәсібі күшті қарқынмен дамыды. Фосфор және шина зауыттары іске қосылды.
1980 жылдардың басында мұнай өңдеу зауыты салынып, Омск – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры пайдалануға берілді. Тамақ өнеркәсібі дамып, бірнеше сүт зауыты, ет – балық комбинаттары, сыра қайнату және нан зауыттары салынды. 1987 жылы облыста 170 – тен астам өнеркәсіп орындары болды. Өткізілген өнімнің жалпы көлемі 7,86 млрд сом болды.
Тың игеру
1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Шардара су қоймасының іске қосылуына байланысты Қызылқұм алқабын игеру жеделдетіле түсті. Ірі күріш совхоздары құрылды. Мақта, бау, жүзім, көкөніс, бақша өнімдерін өңдеу дамыды. 1980 жылы облыстың жер көлемі 12 млн га болса, оның 10,3 млн гектары ауылшаруашылық мақсаттарына пайдаланылды.
Ағарту ісі мен мәдениет
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін мамандар дайындауды екі жоғарғы оқу орны – Химия – технологиялық институты мен Педагогика институты жүзеге асырды. Бірнеше орта оқу орындары: тау-кен, индустриялдық, автомеханикалық, гидромелиоративтік, дене тәрбиесі техникумдары, музыкалық және көркем өнер училищелері ашылды. Кеңес дәуірі кезінде облыс көлемінде 900 мектеп бой көтерді.
Жастарға білім беру және тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін педагог М. Тасоваға Социялистік Еңбек Ері атағы берілді. Осындай құрметті атақ денсаулық сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін дәрігер А. Бувановаға да берілген болатын. Облыс халқы өздерінің жерлестері ҚССР Ғылым Академиясының академигі, түрколог Ісмет Кеңесбаевты, мүше-корреспонденті Мәулен Балақаевты, геология ғылымдарының докторы П. Тәжібаеваны, филология ғылымдарының докторы Қалдыбай Бектаевты, филология ғылымдарының докторы Әбіш Байтанавты мақтаныш тұтады. Өлке тарихына академик, Қазақ ССР-нің 1944-1957 жылдардағы Сыртқы істер министрі, кейіннен Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі Төлеген Тәжібаевтың есімі алтын әріптермен жазылып қалған.
Облыстың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі 1967 жылы қазақ және орыс драма театрлары ғимаратының салынуы болды. Оларда Қазақ ССР халық әртістері А. Абдулина, Ж. Серікбаевалар еңбек еткен.
1960-1980 жылдары ақын О. Малқараевтың, халық ақындары К. Омаров пен Ә.Қалыбекованың, ақын – жазушылар Ә. Жылқышиевтің, Н. Сүлейменовтің, Х.Есенғараеваның, О. Постниковтың, М. Байғұттың шығармашылықтарының өрлеген жылдары болды. Қазақстан театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбеков, Хадиша Бөкеева, Ғ. Хайрулина, атақты ақын және көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, компазитор Шәмші Қалдаяқов, жазушылар Ж. Еділбаев пен Ф. Чирва – біздің жерлестеріміз.
Кеңес Одағының ыдырауы
1990 жылдардың басында бұрынғы кеңес республикалары сияқты, Қазақстанның өмірінде де КСРО – ның ыдырауына байланысты тарихи өзгерістер болды. Өзінің сан ғасырлық тарихында Қазақстан тұңғыш рет тәуелсіздік алды.
2002 жылы облыс өзінің құрылғанына 70 жыл толуын салтантпен атап өтті.
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.
Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларыын кеңейтуге мүдделік көрсетті.
Иван IV-нің Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алуы, Кама сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, XV-XVI ғ.ғ. екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары зор роль атқарды. 1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, елшілікке қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстан шептеріне жете алмады, себебі оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл қырып салды. 1594 жылы Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхаммедті босатуға және орыс үкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Сонымен бірге оның жауласушы феодалдық көрші хандықтармен күресу үшін Борис Годуновтан «Отты қару» алуға қол жеткізуі тиіс еді. Орыс патшасының Тәуекел ханға жауап грамотасында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берілді.
Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға кірісті. Қазақстан шекарасына жақын жерде орналасқан бірінші орыс қаласы «Үлкен Об қалашығы» болды. Мұнан соң Тюмень (1586), Тобольск (1587), Тару (1594), Томск(1604) қалалары салынды.
Жоңғар хандығының құрылуы Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды. Оның Ресейге тілектестік қарым-қатынасыоның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.
1732 жылдың 24 қарашасында Тевкелев өзінің миссиясын аяқтап, Найзакескен мекенінен кері қайтар жолына шықты. Петербургке жіберілген Әбілқайырдың елшілігімен бірге 1733 ж. 2 қаңтарында Уфаға келді. Петербургте өткен келіссөздер нәтижесінде Кіші жүздің Ресей азаматтығына кіруі түпкілікті шешілді.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Семеке ханға егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына уәде беріп, Орта жүзге өзінің өкілдерін жіберді. Сәмеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөлігі Ресей құрамына формальды түрде өтті.
Өлкені отарлауды тездету мақсатында басқарудың Ресейлік жүйесі енгізіле бастады. Бұл қазақ халқының үлкен бөлігінің көтеріліске ұласқан қарсылығын туғызды. Солардың арасындағы ең ірі көтеріліс - Кенесары Қасымов ханның қолбасшылығымен болған қозғалыс еді. Бұл көтеріліс Орта жүз жерінің Оңтүстік-шығыс бөдігін патша үкіметінің әскери күшпен бағындырушылығын 10-15 жылға кері сырғытып тастады.
Ұлы жүздің негізгі бөлігін бағындыру басқа жағдайда өтті. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. 1819 жылы 18 қаңтарда Сұйық Абылайханов сұлтан бастаған 55462 жан Ресей тағына өз еріктерімен ант берді. 1824 жылы император Александр-І Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүретін руларынан тағы да 14 сұлтанды бодандыққа алу жөніндегі грамотаға қол қойды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның негізгі аудандары Ресей империясы ықпалынан сырт қалды. Көп кешікпей Қапал, Лепсі, Үржар бекіністері салынды.
Ірі әскери күштерді жұмылдыру арқылы патша әскерлерінің Түркістан, Шымкент, Әулиеата және басқа қалалар мен елді мекенді басып алуымен Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы аяқталды.
Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы көшпелілер мен келген халықтар арасында шаруашылықтық айырбас пен әрекеттестік үшін жағдай жасалды, сауаттылықтың тарауы, сауданың жандануы, қазақ ауылдарын капиталистік өндірістік қатынастар кеңістігіне тарту үшін негіз қаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет