Реферат орындаушы: Қабылдаушы: Төлеміс. М. Т. Алматы, 2024 ж. Мазмұны кіріспе 3



бет3/4
Дата01.03.2024
өлшемі240.33 Kb.
#493419
түріРеферат
1   2   3   4
ABT12

Көп шығынды іс-шаралар
Энергия тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі шараларды толығырақ қарастырайық. Ескірген электр қозғалтқыштарды заманауи энергия тиімді электр қозғалтқыштарға айырбастау Кəсіпорындарда жəне шаруашылықтарда моралдық ескірген жабдықтарды жаңарту жəне айырбастау, атап айтқанда үнемді емес электр қозғалтқыштарды энергия тиімділігінің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін жаңа топтамадағы электр қозғалтқыштарға айырбастау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс. Жабдықтарды айырбастау туралы шешім қабылдау үшін механизмдердің электр қозғалтқыштарының техникалық жай-күйін тексеру, жұмыс істеу режимдерін, нақты жүктемелерді жəне электр қозғалтқыштарды пайдалану шарттарын талдау, сондай-ақ оларды пайдалану əдістерін жетілдіру жəне пайдалану сенімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар əзірлеу қажет. Жиілік-реттелетін электр жетек Роторы қысқа тұйықталған синхронды жəне асинхронды электр қозғалтқыштарының басты кемшілігі (немесе артықшылығы) мүлдем дерлік жүктемеге байланысты емес электр қозғалтқыштың роторының айналуы тұрақты жиілігі болып табылады. Алайда элементтері электр қозалтқыштар жетектейтін механизмдер болып табылатын жүйелердің басым көпшілігі жүктемесі айнымалы режимдермен жұмыс істейді. Күштік жартылай өткізгішті жəне микропроцессорлық техниканың дамуымен электр жетекпен жиілікті ретке келтіру құрылғысын жасау мүмкін болды. Бұл құрылғы жүктеменің сипатына дəл сəйкестікпен берілген параметрлер бойынша электр қозғалтқыштың жылдамдығы мен моментін дəл басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, кез келген дерлік процесті аса үнемді режимде технологиялық жүйелерде жəне электр желілерінде ауыр өтпелі процестерсіз дəл реттеуге септігін тигізеді. Энергия үнемдеудің халықаралық, қазақстандық жəне ресейлік тəжірибесінде жиілік-реттеу жетегін (ЖРЖ) пайдалану аса тиімді əрі жалдам өтелетін жобалардың бірі болып табылады. ТКШ саласындағы машиналар мен механизмдердің электр жетектері (сорғылар, желдеткіштер, сығымдауыштар, қазандық жабдықтары жəне т.т.) елімізде өндірілетін бүкіл электр энергиясының 30 % астамын тұтынады. Электр энергиясының ұтымсыз жұмсалуын жоюды жиілікті түрлендіргіш (инвертер) негізінде ретке келтіру электр жетектерін ендірудің көмегімен шешу қажет. Жиілік-реттеу электр жетегі, жалпы түрде айнымалы токтың үш фазалық электр қозғалтқышынан жəне электр қозғалтқыштың іске қосу тогынсыз жəне соққыларсыз іске қосылуын, тоқталуын, жылдамдығы мен айналу бағытының өзгеруін қамтамасыз ететін инвертерден құралады. Мұндай реттеудің мүмкіндігі электр қозғалтқыштың жұмысының динамикасын жақсартады, оған қоса, кез келген дерлік технологиялық процесті автоматтандыруды ендіруге мүмкіндік береді.
Жиілікті түрлендіргіштер:электр энергиясының өзіндік мұқтаждарын электр қозғалтқышын жүктемесіне қарай оңтайлы басқару есебінен 20%-60% үнемдеуді; - электр жетегі мен жабдықтардың сенімділігін арттыру жəне қызмет мерзімін ұлғайтуды; - жабдықтың апаттылығын азайтуды жəне техникалық пайдалануды жақсартуды қамтамасыз етеді; Аталған энергия тиімді жəне жоғары үнемді шараны ендіру (өтелу мерзімі орташа алғанда 0,6 жылдан 1,5 жылға дейін) электр энергиясын үнемдеу есебінен отын шығынын азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жиілікті түрлендіргіштерді қолдану коммуналдық шаруашылықта электр энергиясы төлеміне қаржы шығасыларын азайтуға, сайып келгенде жылу энергиясына жəне ел халқын сумен жабдықтауға тұрақты тарифтерді қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Фазалардың қателігін жою Фазалардың симметриялық емес жүктемесі – күштік трансформаторлардағы электр энергиясы шығындарының артуының басты себептерінің бірі. Ол осы трансформаторлардан қуат алатын тұтынушыларға жеткізілетін электр энергиясының сапасының төмендеуіне де əсер етеді. Фазалардың (кернеулердің) қателігін, фазалық жүктемелердің қателігін жою, кернеулерді (фазаларды) теңестіру (симметриялау), қоректендіру желісінің фазалары бойымен жүктемелердің біркелкі бөлінуі электр энергиясының, генератордың отыны шығындарын айтарлықтай азайтып, электр қабылдағыштардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Фазалардың қателігі кернеуі 1000 В дейінгі тікелей жерге тұйықталған нейтралді үш фазалық төрт (бес) сымды желілерде байқалады. Мінсіз күйінде фазалық кернеу (үш фазалардың əрқайсысының жəне нөлдік жұмыс өткізгішінің арасындағы кернеу) 220 В құрайды. Желілік кернеулер тең қабырғалы үшбұрышты құрайды. UA, UB жəне UC фазалық кернеулері өзара тең жəне бір біріне қатысты алғанда 120 бұрышпен ығыстырылған. Аталған модель мінсіз болып табылады жəне онда фазалық кернеулердің қателігі жоқ.
Фазалардың қателігінің келеңсіз салдарларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1)электр қабылдағыштардың (аспаптар, жабдықтар) зақымдалуымен, істен шығуымен, тозуының артуымен, пайдалану мерзімінің азаюымен байланысты электр қабылдағыштар үшін салдарлары; 2)электр энергиясы көздері үшін зардаптары (мемлекеттік желіден қоректендірілу кезінде тозудың артуы, зақымдалу, энергия тұтынудың ұлғаюы, генератордан қуат алғанда отынның, майдың, салқындатқыш сұйықтықтың асқан шығыны, генератордың зақымданулары, оны пайдалану мерзімінің азаюы); 3)қауіпсіздікке байланысты тұтынушылар үшін зардаптары, өйткені оқшауламаның сапасының нашарлауы: - электр жарақатына; - электр сымының немесе электр қабылдағыштардың өртенуіне əкеп соқтыруы мүмкін;
Берілген кернеуді қамтамасыз ету үшін фазалардың əрқайсысында дəстүрлі түрде кернеуді тұрақтандырғыштар қолданылады. Тұрмыс жағдайында жеке электр қабылдағыштарды немесе олардың топтарын қорғауды қамтамасыз ететін бір фазалық тұрақтандырғыштар қолданылады. Өндіріс жағдайында қуаты түрлі үш фазалық кернеу тұрақтандырғыштары қолданылады, олар конструктивтік түрде үш бір фазалық кернеу тұрақтандырғыштарынан құралады. Фазалық кернеулердің қателігін жою міндеттерін шешу жəне берілген фазалық кернеуді қамтамасыз ету үшін фазалардың əрқайсысындағы кернеуді бөлек теңестіруге емес, фазаларды өзара үйлестіруге, яғни бүкіл үш фазалық жүйені үйлестіруге мүмкіндік беретін технологияны қолдану қажет. Мұндай құрылғы айтарлықтай үлкен тиімділікке ие болады, ол электр энергиясын тек өзі аз тұтынбайды, сонымен қатар электр қабылдағыштар үшін желіден электр тұтынуды азайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет