2.Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – адамнын моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап калыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу аркылы моральдык тусініктердің, әдеттерді нез – құлық себептерінің қалыптасуы бірлесіп жузеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін камтамасыз етеді.Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі – ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.Философия сөздігіндегі «патриотизм -Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу».
Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу,ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» (Ыбырай Алтынсарин)
Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік кезеңде сәйкес және жеткілікті түрде адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенділік өміршілдік, саналылық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы, дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан – жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс – әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс – қылықтарынан, мінез – құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым – қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай – ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл – сананың, сезімдердің, мінез – құлық пен өзара қарым – қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық – экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.
-Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
-Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
-адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
-адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына,
туган жеріне тәуелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады,батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие.
Достарыңызбен бөлісу: |