Реферат Пән атауы: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі Тақырыбы:«Адамгершілік тәрбиесі»


Рухани- адамгершілік тәрбиесінің тұлғаны дамыту және тәрбиелеу сатылары



бет5/6
Дата17.04.2024
өлшемі57.14 Kb.
#499094
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Документ (28)

4.Рухани- адамгершілік тәрбиесінің тұлғаны дамыту және тәрбиелеу сатылары.
Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата – аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ол ата-анасы мен отбасының тәрбиесі арқылы беріледі. Сондықтан, балаға ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерді бойына сіңіріп, өзіне деген сенімділік пен өзіндік бағалаудың болуын қалыптастыруда отбасынан кейін мектеп педагогтарының орны ерекше.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.Ол білім беру ісін жетілдіруге, сақтауға және оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мәдениетті жаңа ұрпақ тәрбиелеуге, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық және физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруға бағдарлануы және білім мен ғылым әрқашан интеллектуалдық дамуға мұрындық болуға тиіс.
Адамгершілік қасиеттерді балаға қалыптастыру күнделікті өмірде, ересектердіңарнайы ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Сонымен қатар,руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Ол мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Рухани-адамгершілік қасиеттер – бұл дұрыс қалыптасқан іс-әрекеттік дағдылар мен қоғамдық көпшілік орындарда өзін-өзі ұстау нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Тұлғаның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Себебі қазіргі толып жатқан қоғамдық – әлеуметтік құбылыстардың нәтижесінде біз жас өспірімдерді тәрбие мәселелерін көп жағдайларда ырқымыздан шығарып алғанымызды мойындауымыз керек.Енді осы кемшіліктердің себептерін талдап көрсетсек:
-Тәрбие мәселелерінде отбасы мен қоғамның рөлінің төмендеуі;
-Тәрбие мәселерін зерттеуде педагогикалық және психологиялық ғылыми ізденістер теориялық түрде қалып қоюы;
-Мектептің тәрбие жұмысында көп көніл белінбеуінде және оған қосымша міндет деп қарауы.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсаты өз істеріне жауапкершілікпен қарауға, адами құндылықтарды меңгеруге, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға үйрету арқылы оқушылардың қоғамдық ортада әлеуметтенуіне ықпал ету.
Рухани-адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру екі белсенді жақты процесс ретінде қарастырылады. Бір жағынан, ол ересектердің, ата-аналар мен педагогтардың балаларға ықпалы болса, екінші жағынан, балалардың белсенділігін қамтитын іс-әрекеттері, сезімдері мен қарым- қатынас ерекшеліктерінен көрінеді. Рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағыттары «Мен әлемді танимын»:
- «Мен және менің денсаулығым»: өзінің денсаулығының салауатты өмір салты арқылы құндылықтарын тәрбиелеу, физикалық дамуы, өмір қауіпсіздік негізгі құрылымдарын дамыту, психологиялық ахуал қамсыздандыру;
- «Мен және менің құндылықтарым»: Негізгі құндылық – отбасын құрметтеп және сүйіу; балаларды жалпы бірдей номаларды және құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынастарын ережелерін уйрету; адамгершілікке , еңбекке тәрбиелеу;
- «Мен және менің Отаным»: Патриоттық сезімін тәрбиелеу, салт-дәстүрді және мәдениетін құрметтеу өзінің ауылында, ауданында, мемлекетінде.
Баланы тұлға ретінде адамгершілікке тәрбиелеу және дамыту:
1 сатысы – отбасы және отбасының құндылықтары, өзін тұлға ретінде қабылдау.
2 сатысы – ауылдың, мемлекеттің салт-дәстүрін, құндылықтарын, әлеуметтік өмірін қабылдау.
3 сатысы – көп ұлтты мемлекетте мәдениетін және рухани құндылықтарын қабылдау.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Соны негізінде рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптастырылған оқушы тұлғасы, ол:
- Кішіпейіл, басқаға зұлымдықты ойламайды;
- Адал және әділетті;
- Жақсы көреді және қамқоршы;
- Еңбекқор және ұстамды;
- Шығармашыл және әдемілікті сақтаушы;
- Білімге құштарлы және сыни тұрғыдан ойлайды;
- Батыл және өжетті;
- Қамқор және жауапты
- Елімен,мемлекетімен,мәдениетімен байланысын сезінеді;
- Сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілігімен қарайды;
- Патриотты, толерантты.
Сонымен, әр оқушының рухани-адамшершілік тұрғыда дамуы үшін қамқорлық жасау кез- келген уақыт талабы және педагогтың күнделікті міндеті болып табылады. Оның тәрбиесі, іс-қимылы, қарым-қатынасы оқушы үшін үлгі,ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.Қарапайым әдеттерді қалыптастыра отырып педагог әрбір іс әрекетті ұқыпты, әрі сауатты атқаруына қол жеткізеді.Ол әдеттер: адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет