Реферат Пән атауы: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі Тақырыбы:«Адамгершілік тәрбиесі»



бет6/6
Дата17.04.2024
өлшемі57.14 Kb.
#499094
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Документ (28)

Қорытынды:
Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды.Адамгершілік қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халыкта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де қалыптаспайды.
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам»,-депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты
Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.

Пайдаланылған деректер тізімі:
1.
2.Сайттар:stud.kz,kitaphana.kz.
3. Сайттар:rusnauka.com,martebe.kz
4.«Жастардың рухани- адамгершілік құндылықтарын дамыту» әдістемелік материалдар .(Нұр-сұлтан,2021)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет