Қорытынды
Оптиканың жарықталуы - оптикалық жұйе тетіктерінің шағылу коэффициентін оларға арнайы жапқыштар жағу жолымен азайту. М.Фарадей М.Фарадей (1791 – 1867) 1848 жылы жарықтың поляризация жазықтығының бұрылуын ашып, жарықтың кӛлденең электро-магниттік толқын екендігін және физиканың электрмагнитизм және Оптика бӛлімдерінің арасындағы тікелей байланысты кӛрсетті. Фарадей тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп Дж.Максвелл (1831 – 1879) осы байланыстарды сипаттайтын электро-магниттік ӛрістің біртұтас теңдеулерін (1865 – 67) қорытып шығарды. Жарық тарайтын ортаның қасиеттерін осы теңдеулердегі макроскопиялық тұрақтылар – диэлетрлік ӛтімділік (ε) пен магнит ӛтімділік (µ) сипаттайды. Ортаның сыну кӛрсеткіші осы тұрақтылар арқылы анықталады. Лоренц Жарықтың электромагниттік теориясының Лоренцтің электрондық теориясымен толықтырылуы Оптиканың дамуындағы маңызды кезең болып саналады. Бірақ кӛптеген жетістіктерге қарамастан классикалық электрдинамика жарықтың шығу және жұтылу процестерін түбегейлі түсіндіре алмады. Абсолют қара дененің жылулық сәуле шығару энергиясының толқын ұзындығына тәуелділігін талдау теория мен тәжірибе арасындағы қайшылықты кӛрсетті. М.Планк Осы мәселені зерттеу (1900) арқылы М.Планк: қарапайым тербелмелі жүйе (атом, молекула) шығаратын не жұтатын электро-магниттік толқын энергиясы тербеліс жиілігіне пропорционал жеке үлестерден – кванттардан (фотондардан) тұрады деген тұжырымға келді. А.Эйнштейн Түсініктерге қайшы келген осы тұжырым негізінде А.Эйнштейн 1905 жылы фотоэффект құбылысының негізгі заңдарын түсіндірді. Фотоэффект құбылысы жарық табиғатындағы екіжақтылықты, толқындық та корпускулалық та қасиеттерді кӛрсетті. 1916 жылы Эйнштейн еріксіз сәуле шығару теориясын жасап, соның негізінде 1954 жылы сантиметрлік диапозонда еріксіз монохроматты сәуле шығаратын алғашқы кванттық генераторлар [мазерлер, А.М. Прохоров, Н.Г. Басов (КСРО) және Ч.Таунс (АҚШ)], 1960 жылы когеренттік жарық сәулесін шығаратын рубиндік лазер [Т.Мейман (АІШ)] жасалып, Оптиканың маңызы арта түсті. Лазерлерді қолдану атомның, молекуланың және конденсацияланған ортаның құрылысы мен оларда ӛтетін процестер жайлы мол деректер беретін лазерлік спектроскопияны күрт дамытты. 1948 жылы ағылшын физигі Д.Габор негізін қалаған голография әдісі лазер пайда болғаннан кейін нысанның кӛлемдік кескінін алудың, шапшаң ӛтетін процестерді тіркеудің және денелердегі ығысу мен кернеулерді зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін туғызды. Жарық интерференциясы арқылы аса дәл ӛлшеу әдістері, кванттық оптикалық аппараттар (фотоэлементтер, фотоэлектрондық кӛбейткіштер, т.б.), полярлану мен дифракция құбылыстарына негізделген аса сезгіш оптикалық аппараттар ӛмірде кеңінен қолданылады. Фотографияның негізінде жатқан фотохимиялық процестер Оптика мен химияның шекарасындағы сала – фотохимияда зерттеледі. Ӛткен 20 ғасырдың 70-жылдары есептеу техникасы мен ақпараттану мәселелерін шешуге голография принциптерін қолдану интегралдық Оптика деген жаңа саланың дамуына алып келді. Лазердің қолданылуына байланысты Оптикалық локация және Оптикалық байланыс жүйелері пайда болды. Оптикалық құбылыстарды бақылау және талдау қазіргі заманның негізгі физикалық теориялары кванттық механика мен салыстырмалық теориясының пайда болуына себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |