Реферат пәні бойынша


Құрғақ мезгілде және өрт қауіпті жерлерде өртпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек



бет7/9
Дата10.12.2022
өлшемі59.57 Kb.
#466999
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат п ні бойынша

Құрғақ мезгілде және өрт қауіпті жерлерде өртпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек:

  • өртке арналған орын құрғақ шөптен, жапырақтардан, бұтақтардан және басқа да орман қоқыстарынан тазартылуы керек;

  • отты қараусыз қалдырмау;

  • оттың сөнгеніне көз жеткізбей демалыс орнынан шықпау;

  • далада жалаңаш жерге от жаққан дұрыс;

  • оттың жанында әрқашан кезекші болуы керек;

  • кішігірім өрттер пайда болса, оларды дереу сөндіру керек: сумен толтыру, құммен, топырақпен жабу, ауаның кіретін жерін жабу, дымқыл шүберекпен немесе бұтақтардың шоқтарымен таптап, құлату;

  • Апат белгісін жіберу үшін орманға от жағуға мүлдем жол берілмейді.



2.4 Табиғи өрттер


Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарының өрттері, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Өрт жану қарқындылығы бойынша ормандағы өрттер әлсіз, орташа және күшті болып бөлінеді. Жану сипаты бойынша аласа және биік өрттерге, ұзақтығы жөнінен тез жанатын және үзбей жанатын өрттерге бөлінеді [3].
Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлдерді шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жаздыкүндерінде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпасада түсінікті. өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ-дей болады [3].
Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп, өтқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады [3].
Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай — әлсіз, орташа және күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған әрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден 16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі температура 900ºС-ға жетеді [3].
Жер асты өртенуінің бірден біріне шымтезек өрті жатады. Шым тезек (торф) — ылғалы көп, ауа жеткілікті болмағандықтан батпақтағы өсімдіктің құрып бітуінің салдарынан пайда болатын геологиялық жас қабат. Шым тезек кенінің орташа қалыңдығы 2 метрге шамалас. Алайда, қабатының қалыңдығы 8-13 метр шым тезекті саз кездесіп отырады. Температураның, төңіректің ылғалдығының, шым тезекке айналатын өсімдіктердің биологиялық құрылысының және басқа да бірқатар себептердің әсерімен шым тезек бірте-бірте шіри береді. Оның шіру дәрежесі неғүрлым жоғары болған сайын тұтанғыштығы да арта береді. Шым тезек орындарындағы жанудың жалпы санының 60%-ке жақыны өздігінен тұтануынан болғаны тіркелген. Қалған жағдайда өндіруге арналған машиналардан ұшқын түсуі, найзағай ойнауы және басқа себептер болады екен. Шым тезек әдетте түгел жанбайтын болғандықтан едәуір территорияны түтін басып кетеді. Ауасыз жанғандықтан жану процессі өте баяу, 0,1-0,5 м/мин жылдамдықпен жүреді, кей жерлерде білінбейді да және жанып біткен қуыстар да пайда болады [3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет