Баскетболдағы позициялар
Төреші қимылдары
Дриблинг
Доп беру
Кесу
Блок ату
Сақинаға лақтыру
Қазіргі баскетболда қалқан астындағы күрес ерекше маңызға ие. Белгілі баскетбол ұраны: «Кім қалқанды жеңсе, сол ойынды жеңеді» және баскетболшының өнер көрсетуінің негізгі статистикасының бірі – бұл бір ойын немесе бүкіл маусым болсын – кері доптар саны және блоктар.
Егер лақтырылған доп кәрзеңкеге дәл тиіп, кәрзеңкенің ішінен сырғанап жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде әрбір сәтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс. Тарихыөңдеу
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Достарыңызбен бөлісу: |