Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»


2.1. Жалпы тіл білімі туралы түсінік және оның қалыптасуы



бет3/9
Дата19.05.2024
өлшемі35.83 Kb.
#501449
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-Referat

4
2.1. Жалпы тіл білімі туралы түсінік және оның қалыптасуы

Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдылығының сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады. Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болады.


Жалпы тіл білімі— тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін үлкен салаларының бірі. Тілдердің бәріне ортақ заңдылықтар мен белгілер типологиялық зерттеулердің және тілдің функционалдық кызметін салыстыру нәтижесінде анықталады. Жалпы тіл білімі жеке тіл білімдеріндегі деректерге сүйенеді, соларды салыстыру арқылы тіл атаулыға тән белгілер мен ортақ заңдылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер айқындалады, тілдер генеалогиялық, типологиялық жағынан топтастырылады. Жалпы тіл білімі тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптасуына тілдердің салыстырмалы тарихи және салыстырмалы әдістермен зерттелуі ұйытқы болды.
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді. Жалпы тіл білімі — лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол — бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін компас ғылым. Жалпы тіл білімі одақ көлемінде оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан бастап енгізілді. Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.
Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән сондай ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Зерттейтін объектісі — жалпы тілдің заңдылық болғандықтан, одан шығаратын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Cөйтіп, жалпы тіл білімі — тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты — тіл білімінің ең өзекті, eң негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік си­паттарын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет