Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»


2.3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы



бет7/9
Дата19.05.2024
өлшемі35.83 Kb.
#501449
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-Referat

8
2.3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет. Қазіргі заманда ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары дамып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр. Ғылымның даму барысында тіл білімі де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қанаттаса дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұлай болатыны мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығу тегін, жасалуын және дамуын зерттегенде, тарих ғылымының деректерінде пайдаланатыны сияқты, тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады. Сондай-ақ, тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланыста болады. Бұл байланыс мынадан: тіл талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Тіл білімінің бір саласы - этнолингвистика тілді сол тілдің иесі - халықтың мәдениетімен байланысында зерттейді. Тіл білімінің археология мен этнографиямен байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыстану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Дыбыстардың артикуляциясы (сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы) жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зертейді. Тілдің күрмелу себебін медицина мамандары атап айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне, элоктронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр. Тіл білімінің философиямен, логикамен, психологиямен, әдебиетпен, тарихпен, этнографиямен, археологиямен, географиямен, семиотикамен, физикамен, математикамен байланысын осы ғылымдар туралы хабары бар кез-келген адам айтып бере алады. Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара байланыста болатынын және жалпы білімдік үлкен мәні бар екендігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет