ҚОРЫТЫНДЫ
Жақсы мінез адамның жарты бағы деген ұстаным – ежелгі түркі жұртынан қалған рухани мұра. ХІ ғасырда өмір сүрген парсы жазушысы Кабустың (Кей Кавус Унсур Әл-Маали) біздің халықтарымыздың төл мұрасындай болып кеткен, соңғы жылдары қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдерінде басылып шыққан нағыз шығыстың өнеге кітабы «Қабуснаманы» ерекше атап көрсеткен жөн. Аты аңызға айналған данышпан Ұлықпан Хакімнің бір әңгімесінде, патша өзінің уәзірінен «Қашан, қайда барса да адамдар жақсы қабыл алатын кісі кім?» - деп сұрағанда, ол: «Әдепті адам” – деп жауап берген екен дейді . Олай болса, адамның бойына сіңіп, оның мінез-құлқына айналған тамыры тереңнен келе жатқан әдептіліктен асқан абзал қасиет жоқ екен.
Адамның бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі – әдептілік. Қай жағынан мықты болсаң да әдебің әдемі болмаса, онда бәрі бекер деген сөз. Әдептілік айналадағы барлық нәрсеге әсерін тигізеді. Сенің адамдармен қарым-қатынас жасауың, ортаға сіңсіп кету, өз талантыңды көрсетуге де әдептілік қажет. Әдепті адам қай жерде де сыйлы. Және айналасындағыларға да үлгі бола алады. Әдепті болу қыз балаға немесе ұл балаға деп бөлініп қарастырылатын әрекет емес. Бұл жалпы адамзатқа ортақ нәрсе. Яғни, тек қыз балалар әдепті болу керек деген сөз бұрыс. Кез келген адам бұл қасиетке ие болып, өз сыйлы ұстау қажет. Бұл қасиет бізді көп ортадан ерек көрсетеді. Сол үшін де ең ізгі қасиеттердің бірі әдепті болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |