НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.
Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дұрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге асырар кезінде оның елге ұнау-ұнамау жағына баса назар аударады. Ал, ел мен жұртты ойламай, тек жеке басының қамын ғана ойлап іс қылған адам халық алдында сүйкімсіз болады. Олай болса, әркім әдептілікке осы тұрғыдан карағаны абзал. Яғни, халық үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші кезекте кісінің жеке басында орнауға тиіс.
Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-құлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылық үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак. Әдептілік атадан балаға қан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартқаны үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады.
Адамның жеке басы дегеніміз - оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз - адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғұмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке құлқын жолға кояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда адамдардың коғамдык өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын калайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп.
Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен «Әдептілікті кімнен үйрендің?» деп сұраған көрінеді. Сонда ол: «Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым» деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие арқылы ғана іске асады.
Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын қалыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз тұлғасын өзі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім өзінің әдепсіз тұлға болуын қаласын?
Әдеп тәрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол тұрақты, ізгі қасиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бұл қажеттілікті сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.
Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз - кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-құлык тәртібіне сай ұстауымен қатар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны қанағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мұның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.
Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байқалады. Ал, қарапайымдылық іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім тұрмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |