Реферат қР Құқық қорғау органдары Орындаған: Ибраев А. К уа-201 Тексерген: Қорғанбаева Е. А



бет3/3
Дата24.02.2023
өлшемі32.02 Kb.
#470022
түріРеферат
1   2   3
сроп 3 сыбайлас

Сот төрелігі –адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің тұтастай алғанда жүрегі.
Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды қолдануға әкеледі. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісіно рындамау айыппұл салуға не қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қамауға алуға әкеп соқтырды.
Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган – сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында белгіленген.
Қорытынды:
Сот төрелігінің принциптері сот және сот құрылысы туралы заңнаманың дамуында Қазақстан Республикасында заңдылықты және адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сот төрелігінің принциптері Қазақстандағы біріңғай сот жүйесін ұйымдастырды және оның қызметін тікелей реттейтін ортақ қағидалар болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде конституциялық принциптерді бұзу әділетсіз сот қаулыларының шығуына әкеп соқтырды және сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет