Реферат спорт ойындары 3


Дене шынықтыру және белсенді қозғалыс



бет2/5
Дата22.04.2024
өлшемі60.15 Kb.
#499466
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат 1

Дене шынықтыру және белсенді қозғалыс


Дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы [2]. Жастардың жан — жақты дамуын дене шынықтырусыз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кəсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру жəне спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тəрбиесінің негізі балалық жəне жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Дене жаттығулары, сылап — сипау , козғалыс жəне спорттық ойындар , жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тəрбиесінің құралдары болып табылады. Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мəнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты жəне шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден ,ақыл-ой жəне дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды.
Белсенді қозғалыс - салауатты өмір салтының негізі. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі, дененің барлық жүйелерінің дамуына ықпал етеді, әсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, тірек-қимыл аппараты, жүйке, метаболизмді жақсартады.
Күнделікті өмірде адам ең əр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін, ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін.
Қалыптасқан өмір салты , еңбек ету мен дене тəрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тəуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын , биологиялық себептермен реттеледі. Үлкен жастағы балаларда əсіресе жеткіншектерде, ол əлеуметтік жағдайлардың əсерімен қоғамдық тəрбие беру барысында жекелей қалыптасады.
Қозғалыс белсенділігінің өлшемі бар. Тəуліктік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып , оның ағзаға əсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тəуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті жəне мүмкін болатын жоғары деңгейі гигиеналық норманың шектері болады; ол бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды жəне ағза жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін . Қозғалыстың жетіспеуін «гипокинезия» («гиподинамия») атауы, ал бұл ретте туындайтын ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Гипокинезия ең алдымен, оттегі тасымалдау жүйесінің, бірінші кезекте жүрек-тамыр жүйесінің максималды мүмкіндіктерінің төмендеуіне əкеледі [3].
Шектен тыс қозғалыс белсенділігін «гиперкинезия» атауы білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет