Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады [2].
Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінің адам организміне ықпалы
Қозғалыстың жеткіліксіздігі және физикалық дамудың төмен деңгейі- ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне ықпал ететіндігі, эмоционалды тұрақсыздыққа, стресстің, жүректің функционалдық жағдайының нашарлауына, бұлшық ет дистрофиясына әкелетіні, иммунологиялық және аллергияға қарсы әсер ететіндігі дәлелденген.
Аз қозғалу өмір салтына байланысты көңіл-күй мен белсенділік нашарлайды, мазасыздық, өз мүмкіндіктеріне сенбеу, жасырын агрессивтілік және өзіне деген сенімсіздік сезімі күшейеді. Ғалымдар денсаулық факторларының 90% -ы медицинаға бағынбайды деген тұжырымға келді. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы одан сайын арта түседі. Адам денесі әрдайым қозғалыста болуы тиіс. Қозғалу өмір салтының зиянды салдары – қысым жоғарылайды, тәбет жоғалады, сүйектер нәзікшіл болып бұлшық еттер ауырады, шаршау күшейеді, көңіл-күй нашарлайды.
Қозғалыстың жеткіліксіз болуы барлық жүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына əкеледі жəне нəтижесінде гипокинезия мен гиподинамия күйі туындайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дене шынықтыру және белсенді қозғалыс өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға қызмет етеді.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене шынықтыру жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |