Қозғалыс дегеніміз — өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең əр түрлі қозғалыстарды жасайды , олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен
жұмыс көлемінен көрінетін тəуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр , əрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни , 14-15 жастағы қыз балалардың тəуліктік адымының тəрбиесі жəне спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген . 15-17 жастағы жасөспірімдердің тəуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін , ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін.
Қалыптасқан өмір салты , еңбек ету мен дене тəрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін . Кіші жастағы балаларда тəуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын , биологиялық себептермен реттеледі .Үлкен жастағы балаларда əсіресе жеткіншектерде, ол əлеуметтік жағдайлардың əсерімен қоғамдық тəрбие беру барысында жекелей қалыптасады.
Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тəуліктік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып , оның ағзаға əсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тəуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті жəне мүмкін болатын жоғары деңгейі гигиеналық норманың шектері болады; ол бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды жəне ағза жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін . Қозғалыстың жетіспеуін
«гипокинезия» («гиподинамия») атауы, ал бұл ретте туындайтын ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді.Шектен тыс қозғалыс белсенділігін «гиперкинезия» атауы білдіреді.
Сөйтіп , қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы
бола отырып , тек оңтайлы көлемде жəне қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру əсерін тигізеді .
Дене тəрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі , мектептердегі жəне КМТ- дегі оқыту мен тəрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері жəне үйде дербес шүғылдану əрбір оқушыға қолайлы .
Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұракты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың рөлі зор. Алайда , шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін.
Дəрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн.
Балалық жаста спорттың кез келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР-сы Білім , денсаулық жəне спорт министрлігінің дене тəрбиесімен спорт комитеті бекіткен , жеке спорт түрлері бойынша оқу- жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар. Тəуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектің (ұйықтамаған уақыттың) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі керек; ағзаның тəуліктік ырғағына сəйкес қозғалыстың көп бөлігін 9-12 жəне 15-18 сағаттардың арасында орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |