Реферат спорт ойындары 3



бет3/3
Дата22.04.2024
өлшемі252.79 Kb.
#499448
түріРеферат
1   2   3
реферат спорт ойындары 3

ЕРЕСЕК ЖƏНЕ ҮЛКЕН ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ.

Ересек адамдардың дене тəрбиесінің əлеуметтік маңызы мен міндеттері Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы жəне кəсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия катарында Отан қорғаған жастар əр түрлі өнеркəсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулыктарына жағымды əсер беретін дене тəрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мəселелерде айқын көрінеді.



  1. Еңбек етудің кандай түрлерінде болмасын адамдар дене жəне психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жүмысқа қабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тəрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмыска қабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.

  2. Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар жəне дене дайындығы əдістерімен іске асырылады.

  3. Қандай сақтанғанымызбен XXI ғасырдың өзінде көптеген кəсіптік аурулар бар. Дене тəрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауыктырады.

  4. Техника дамыған дəуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда кимыл тапшылығы — гиподинамия бар. Ол еңбек түрлері, отырып не болмаса басқа бір дене қалпында тұрып істейтін жұмыстар. Дене тəрбиесі мен спорт жаттығулары ол кимыл тапшылықтарынын орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.

Еліміздегі ересек, үлкен жастағы адамдардын, дене тəрбиесінің міндеттері, жаттықтыру түрі, амалдары мен əдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Осы көрсетілген жас кезеңдерін алғанда паспорттық жасын ғана емес, биологиялық, козғалмалы жасын да ескерген дұрыс. Қозғалмалы жасы олардың дене куаты дайындығы мен денсаулық күйі деңгейіне байланысты. Дене қуаты дайындығын олардың əр түрлі дене қуаты касиеттерін бағалайтын сынақтар тапсыруы арқылы анықтаймыз.
Денсаулық деңгейі дəрігерлік тексерулер жəне физиологиялық, спорттық жүктемелер беру арқылы бағаланады.

Дене тəрбиесінің міндеттері:



    • Жастық шақ, ересек кез I кезең:

  1. Ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу, ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату.

  2. Қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер — күші қасиеттеріи дамыту.

  3. Жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны калыптастыру.

  4. Спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық

жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.

    • Ересек кез І-ІІ кезең, орта жас.

  1. Денсаулык деңгейін, сыртқы əсерге ағзаның тұракты бейімділігін сақгау, ағзаның ақылдылық жəне дене қуаты, жұмысқа қабілеттілік деңгейін сақтау.

  2. Еңбек ету жəне тұрмыс жағдайы кезінде қажетті күш-жігері, дене куаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату.

  3. Еңбек жəне еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.

    • Үлкен жас, қарттық кезең.

  1. Қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзактығын шамаң келген деңгейде сақтау.

  2. Күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұракты ұстау.

  3. Дене тəрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды əсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылыктарын ояту…..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет