Реферат Тақырыбы: " Физиканы оқытудың негізгі міндеттері " Орындаған: Мұхаметқан А. С. Тексерген: Сакенова Р. Е. Өскемен 2023


Физиканы оқытудың негізгі міндеттері



бет3/3
Дата07.05.2023
өлшемі23.68 Kb.
#473344
түріРеферат
1   2   3
Физиканы оқыту әдістемесі, 11 апта

Физиканы оқытудың негізгі міндеттері

Физиканы оқыту міндеті. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері.


Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз.
Орта мектеп оқытуды демократизациялау, гуманизациялау, гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады. Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу құралы және оқушылардың оқу мекмесін және оқу бағдарламасы мен оқу құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді.
Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен және икемділігімен жеке адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдалануылары керек. Қазірдің өзінде де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да. Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру – физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар:
Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқу әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
Оқытуды гуманизациялау – барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





  1. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  2. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  3. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет