Реферат Тақырыбы : "Мінез-құлқы бұзылған балалар " Орындаған : Марат А. Тобы : МӨ-22-14к1 Қабылдаған : Төлегенова К


Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ жанұя



бет2/2
Дата05.05.2024
өлшемі38.9 Kb.
#500583
түріРеферат
1   2
Мө-22-14К1 Марат Аружан э

2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ жанұя. Бұндай жанұяда әдетте ата-ана арақ-шарапқа ұйір болып келеді. Мұндай жанұядағы әке-шешенің мәдениеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсінікті, тіпті бала мен ата-ана арасында байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеу қажет?
Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зияны мен келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар, әке-шешенің осындай жүріс тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен жан қиналысына көңіл аударту. Жанұяда ата-анасының қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның жанұя өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл жанұядағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.
3. Педагогикалық жағынан сауатсыз жанұя. Бұл жанұядағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді. Тек мектеп пен мұғалімді кіналап, баланың көзінде беделін түсіреді. Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін кеңейтуге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын жанұя. Бұндай жанұядағы бала өзімшіл болып келеді, ата-анасы баланың бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады. Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа жанұядағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін жанұя. Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайды ата-аналар, әдетте бұл ұйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді. Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көзін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екенін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмысына ата-ананы араластыру қажет. Себебі педагогикалық іс-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қатынасын өзгертеді.
Қорытынды
Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын балалармен» жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.
Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн : «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.
Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. Тәртіп бұзушылыққа бейімділік белгілері көріне бастаған баламен бірінші күннен саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жеке жоспары жасалады. Оқушы мінез-құлқындағы теріс белгілердің ең алғашқы көрініс беруінен-ақ байқау, ауытқушылықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.
Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу бекершілік. Тек оқушының қызығушылығын туғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса басқаша. Мұндай істер қатарында әр түрлі үйірме жұмыстарын айтуға болады. 


Пайдаланылған әдебиет
https://bilimger.kz/20955/
http://medqaz.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет