Мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктерімен қабілеттерін қалыптастыруда әдістемелік қызметтің ықпалы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында мұғалімдерге «Әлемдік білім кеңістігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» - деп үлкен міндет жүктесе, халық өзінің ең жас буындарының тағдырын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан әрбір халыққа білім беру саласының қызметткері ақылшы-ұстаз, ұйымдастырушы, жомарт жүректі ізденімпаз, әділ сарапшы болуы керектігін айқын сезінеміз. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқытуда бүгінгі күннің жаңалығы мен талабы үйлесім тауып, ізденіске ұйытқы болу керек. Осындай талаптарды орындауда жас жеткіншіктерге білім беруде ұстаздарға оқу-тәрбие саласында әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға бағыт-бағдар беру басты мақсат болып саналады.
В.Ф.Шаталов «Қазіргі мұғалімге тек қана өз пәнін жақсы білу аздық етеді. Ол оқушы бойында танымал белсенділігін оятып, қызығушылығын арттырып, сонан соң ғана үйреткені дұрыс болар еді» деген. Жас ұрпақты жан жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы оқушыға білімді терең игеріудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелдіру. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік-бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру;
5. Оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
6. Оқушылармен өзара қарым-қатынаста толық дербестік таныту, оқытумен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру;
Ал, мұның бәрі мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу білімділігімен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтың сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер, шығармашыл мұғалімнің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды? Сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс. Оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан-жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгерегін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Шығармашыл мұғалімдер-өзіне және оқушыларға стандарттан жоғары талап қоя біледі, әдістемелік және ғылыми көп ізденеді. Өз пәніне аса қызығушылық танытады, жаңашылдықты ерекше энтузиазммен қабылдайды, сабағын тиімді пайдалануға тырысады. Күнтізбелік жоспарлары ерекше ізденіспен жасалып, мұғалімнің өзіндігін танытады.
Оқытудың қазіргі психология-педагогикалық тұжырымдаларын еркін және оларды өзінің педагогикалық іс-әрекетінде басшылыққа алады. Мұғалімдер оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру жолында шығармашылық ізденістер жасап, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тапсырмалар дайындайды. Соның арқасында әрбір оқушы өзіндік пайыммен болжау жасауға әрекеттенеді. Мұғалім-өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижор, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.
Мұғалімнің эмоциялық жағдайы оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ, олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан-жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «...мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған сон, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, әдістемеден хабарлар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі мұғалім, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі шығармашылық қызметі. Әдіскердің негізгі міндеттерінің бірі мұғалімге, мектеп басшыларына әдістемелік көмек көрсету.
Дайындалған әр түрлі формаларға сәйкес әдістемелік көмек беру стратегиясы есепке алынды. Жеке шығармашылық жұмыс алып баратын мұғалімнен шығармашыл ұжымға дайын жеткізу стратегиясы жасалынды. Шығармашылық мұғалімдер саны: 2006-18;2007-26;2008-35.
Бірінші жылы - озат мұғалімдердің іс тәжірибесін баулу. Практикалық жұмыс - озат тәжірибелерді салыстыру, нәтижелерін қорытындылау. Бірінші жылы 60 пайыз мұғалім осы шаруаға тартылды. Екінші жыл - өз тәжірибесін жинақтау, тұжырымдау. Өз тәжірибесін баспаға дайыындау осы жылы мектептерде 26 мұғалім практикалық тапсырмалар орындап, жалпы аудан бойынша 15 брошюра шығарылды. Үшінші жыл - өз тәжірибесі негізінде көмекші құралдар дайындау осы кезде еңқажетті құралдар, параметрлер диагностикалық карталар шығарылды, нұсқаулар, ұсыныс хаттар дайындап жарияланды. Шығармашыл мұғалімдер тереңдетілген сыныптарға бағдарлама дайындау, олимпиада материалдарын дайындау, баяндама дайындау, ережелер дайындауды өз еншілеріне алғанын айта кеткен жөн. Әдістемесі стратегия және тактикамен теңестіру ең тиімді жол. Стратегиямен тактика әр кезеңде әр келкі болуы мүмкін. Әр кезеңде тактикамен стратегия төмендегідей болады:
1. Жеке жұмыстар, әңгімелесу, тапсырма беру;
2. Кеңестер беру практикалық жұмыстар, фестивальдер, байқаулар, сайыстар, дарынды оқушылармен жұмыс сабақтарға ену, талдау жасаудың түрлерін көрсету т.б. жұмыстарды орындап әдістемелік қызметтің тиімді жолдары қарастырылып, мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар жүргізу желісі құрылды. Ауданда шығармашылық топтың жұмыс істеу стратегиясы белгіленіп топтың әр мүшесінің міндеттері айқындалып, шығармашылық топқа шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, ізденімпаз, беделді мұғалімдер енген.
Аптасына бір рет шығарылатын «Өркен» газетіне оқу-тәрбие жұмысының ақтуалды мәселелері бойынша әдістемелік материалдар міндетті түрде жарияланады. Сондай-ақ, аудан мұғалімдері мен оқушылары облыстық, республикалық халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Жұмыс нәтижелеріне үнемі талдау жасау оқу-тәрбие процесін жетілдіру құралы екендігін есте сақтап мұғалімдердің қызметіне, жетістіктеріне, шеберліктерінің динамикасына оқушылардың білімдеріне талдау жасап параметрлер бойынша рейтингтік көрсеткіштер жасалады. Олар туралы әдістемелік кеңесте, мектеп директорлары мәжілісінде қорытындыланады. Одан бөлек әр түрлі картотекалар, нұсқаулар, диагностикалық карталар, техналогиялық карталар, гистограммалар, мониторингпен рейтингтер жасалынып мұғалімдердің жұмысына ықпалын тигізуде.
Елбасымыздың Қазақстан Халқына жолдаған Жолдауында «Үш тілді меңгермей жетістікке жету жолы жоқ». Орта мектепте шет тілін оқыту дәрежесін арттыру республикада білім берудің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алуға мемлекеттік Грантты иелену үшін бір шет тілін жетік білу қажеттілігі, шет тілі пәні мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік артып отыр. Білім беру құрылымы мен мазмұнынын түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 ел қатарынан орын алуына кепіл бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002 ж.
Маркова А.С. Психология труда учителя. Москва, 1993 г.
Бұзаубақова Қ.Ж. Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |