Реферат Тақырыбы : Тағам өндірісі салалары Тобы: тпп-22-5


Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады



бет2/6
Дата18.04.2024
өлшемі16.07 Kb.
#499137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
1Зухра апай

2.2 Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады:
1)Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (қант, спирт, май шайқау, сүт, консерві, крахмал, сірне т.б.);
2)Тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер өнімдері т.б.);
3)Шикізат көзіне де тұтынушыға да жақын орналасқан салалар (ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т.б.).
Елімізде тамақ индустриясын шикізат көздеріне және тұтынушыға жақын орналастыру өндірісті мамандандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары шикізат көздеріне жақын, ал дайын өнімдер шығаратын өндіріс тұтыну орталықтарына жақын орналастырылады. Технологиялық процестердің аумақ бойынша бөлінуіне шай өнеркәсібі мысал бола алады.
Ет өнеркәсібі — тамақ өнеркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің 14-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі — халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. 2002 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 45 кг-ды көрсетті. Қазіргі таңда ет өнімдері жоғары техникамен жабдықталған ет комбинаттарында дайындалады.Алысқа тасымалдауға жарамды өнімдер (ет консервілері, кептірілген және жартылай кептірілген шұжықтар т.б.) шикізат көздеріне жақын орналастырылған ет комбинаттарында шығарылады. Осындай өнімді шығаратын негізгі ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан. Ал тез бұзылатын өнімдер (тоңазытылған ет, құс өнімдері қайнатылған шұжық т.б.) шығаратын комбинаттар тұтыну көзіне жақын орналастырылады.
Ұн тарту – жарма өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған: ұннан жасалатын нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Жан басына шаққандағы нан тағамдарын тұтынудың орташа көрсеткіші 120 кг-ды құрайды. Бидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады. Ұн тарту еліміздің астықты және индустриялы экономикалық аудандарында, яғни Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. Мысалы, қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізде жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде. Нан кәсіпорындары еліміздің барлық елді мекендерінде бар. Нан зауыттары жоғары сапалы технологиямен жабдықталған. Қазіргі шағын нан жабу кәсіпорындары ірі елді мекендердің бәрінде ұйымдастырылған. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту үшін жетілдірілген технологиялар, шағын зауыттар және басқа құрал-жабдықтар сатып алу жөнінде Қазақстан Республикасы бірқатар мемлекеттермен келісімшарт жасады. Мысалы Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның макарон жасайтын технологиясымен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет