Реферат тақырыбы: Ас бұршақ жармасы технологиясы. Орындаған: Темірбекова М. Т тексерген: Кошубаева Ж. С


Характеристика сырья, используемого для производства



бет4/4
Дата16.12.2022
өлшемі158.74 Kb.
#467378
түріРеферат
1   2   3   4
мика реферат

2.Характеристика сырья, используемого для производства

определённого вида продукции

Для крупяных продуктов в пищевом рационе человека от общего потребления зерновых невелика в сравнении с продукцией мукомольных мельниц и в среднем составляет по различным оценкам от 7 до 13 %. Однако в некоторых районах специфика питания такова, что потребление крупяных продуктов может достигать значительно больших величин.

Товарная партия зерна, поставляемая на крупозавод, должна обеспечить получение крупы заданного качества и ассортимента в соответствии с регламентом технологии. Поэтому качество зерна должно быть не ниже, показателей, предусмотренных стандартами на зерно для переработки в крупу. При этом технические условия на крупяное зерно включают органолептические показатели, определяющие цвет, запах и вкус, а также показатели , определяемые объективными методами анализа, такие как массовая доля ядра, влажность , содержание примесей в процентах, предельные нормы заражённости амбарными вредителями и т.п.

Цвет и запах крупяного зерна должны соответствовать нормальному зерну. При этом должны быть исключены любые посторонние запахи, в том числе затхлый, солодовый , нефтепродуктов. Массовая доля ядра - один из специфических показателей качества, показывающий относительное содержание ядра к массе зерна с примесями.

Влажность зерна для производства крупы колеблется в значительных пределах и должна быть не более 14,5-16,0 %.

Зараженность зерна амбарными вредителями не допускается, кроме зараженности клещом не выше первой степени.

Асбұршақ көп тараған дақылдардың бірі. Қазіргі кезде асбұршақтан екі түрлі жарма алады: тұтас қауыздалған ажарланған жəне жартылай қауыздалған ажарланған асбұршақ дəні. Ас бұршақ тұқымдары сфералық пішінді, сары немесе жасыл түсті, сары түсті тұқымдар жоғары бағаланады.


Ірі асбұршақтың құрамында жартылай асбұршақтың қосындылары 10%-дан, ал жартылай асбұршақтың құрамында тұтас асбұршақтың мөлшері 5%-дан аспауы керек. Асбұршақ дəнінде эндосперм болмайды, беті тұқымдық қабықпен жабылған. Оның мөлшері 10% шамасында. Асбұршақ дəнінде ақуыздың мөлшері көп (28-36%), ал крахмал аз болады (44-54%), ал қанттары 3-6%, клетчатка 4-7%, май 0,8-2,0% шамасында. Жарма өнеркəсібінде тағамдық біртипті асбұршақты қолданады, ол сары асбұршақ жəне жасыл асбұршақ болып екі подтипке бөлінеді.
Ас бұршақтың құрамында ас бұршақ дәнімен немесе көбелекпен жеген, сондай-ақ зақымдалған тұқымдардың мөлшері шектеледі. Мұндай тұқымдардың болуы тұтас өнімділікті төмендетеді және ұнтақталған дәнді дақылдардың сапасын нашарлатады.

. Асбұршақты жарма алуға дайындау


Асбұршақты жарма алуға дайындаудың технологиялық сызбасы 2.21-суретте көрсетілген. Қоспаларды бірінен соң бірі орналасқан екі желді-електі сепараторларында бөліп алады. Майда қоспалар мен майда асбұршақтарды саңылауы 5 мм електен елеп бөледі. Асбұршақты ылғалдау жəне булау сызбасының құрамына дəнді булау, кептіру, суыту кіреді. Асбұршақты будың 0,1-0,15 МПа қысымымен 2,0-2,5 минут аралығында булайды. Одан жоғары қысымды қолданса, жарманың тағамдық қасиеті төмендеп, түсі өзгеріп кетеді. Булаудың орнына асбұршақты 2,0-2,5%-ға дейін ылғалдап, 20-30 минут бөктіруге болады. Бірақ бұл жағдайда оның сапасы төмендеу болады. Ылғалданған немесе буланған асбұршақты 14-15%-ға дейін кептіріп, суытып, қауыздауға жібереді. Буланған ас бұршақтың қабығы оңай алынады, тұтас жарманың шығымы көбейіп, жартылай немесе ұнтақталған дəннің мөлшері азайады
1сурет Асбұршақты жарма алуға дайындау сызбасы: 1 – автоматты таразылар; 2 – желді електі сепаратор; 3 – магнитті сепаратор; 4 – бурат; 5 – булаушы аппарат; 6 – кептіргіш аппарат; 7 – суытқыш аппарат.
Асбұршақтан жарма алу
Асбұршақты қауыздау алдында елеуіште елеп, ірі жəне уақ фракцияға бөледі. Бұл үшін саңылаулары 7,0-6,5-6,0 мм електерді қолданады. 7,0 мм електен сырғып түскендері ірі бөлшекке, саңылауы 6,0 мм електе өткен майда бөлшекке жатады. Қалған екі сырғыманы (6,5-6,0 мм електер) ірі немесе майда бөлшектерге қосады (2.22-сурет). Əр фракцияларды АІ-ЗШН-3 машинасында жеке қауыздап, жеке ажарлайды. Тұтас асбұршақты екі жүйеде кезегімен өңдейді, ал жартылай асбұршақты жеке жүйеден өткізеді. Бірінші жүйеден өңделген өнімдерді елеуіште тұтас жəне жартылай асбұршақтарды, 140 ұнтақтар мен ұнтақталған дəндерді бөліп алады. Тұтас ядроны жəне ірі бөлшектерді бөліп алу үшін 4,0х20 мм-лік, ал майдаларды 3,0х20 мм електі қолданады. Осы електерден өтіп, 3,0 мм електен өтпей қалғандары жартылай асбұршаққа кетеді. Тұтас асбұршақтың ірі жəне майда бөлшектерін араластырмай, жеке желсорғыштан өткізіп, екінші қауыздау жүйесінде өңдеп, бірінші жүйенің елеуішіне қойылған електей елегі бар елеуіште сұрыптайды. 4,0х20 мм жəне 3,0х20 мм електердің сырғыма өнімдері (тұтас асбұршақ) желсорғыштан өтіп жылтырату жүйесіне түседі. Осы електерде өтіп 3,0 мм електен өтпеген жартылай асбұршақтарды (майда жəне ірі бөлшектер) бірінші жəне екінші қауыздау жүйелерінен алынғандарымен бірге қосып, желсорғышта желдетіп жылтырату жүйесінде өңдейді. Диаметрі 3,0 мм електен өткені қалдықтар, олар тексеруден өтеді, ал диаметрі 1,5 мм електен өтпегендері І жəне ІІ категориялы қалдықтарды құрайды, осы електен өткендерін ұнтаққа жібереді. Жылтыратудың алдында, дəннің бетін жұмсарту үшін, оны аздап булауға болады (будың қысымы 0,03-0,05 МПа). Жарманы жылтыратудың мақсаты – сыртында қалған қабығын бөліп алып, бетін біркелкілеп тегістеу

2-сурет. Асбұршақ дəнінен жарма алу сызбасы: 1 – рассев; 2 – қауыздаушығажарлаушы АІ-ЗШН-З машинасы; 3 – аспиратор; 4 – щеткалы машина; 5 – бурат; 6 – магнитті сепаратор.

. Асбұршақтан өндірілетін жармалар шығымы 1-кестеде көрсетілген.


1-кесте. Асбұршақ дəнінен алынатын дайын өнімдердің шығымы, %

Өнімдер

Шығымы

Өнімдер

Шығымы

Қауыздалған, жылтыратылған тұтас асбұршақ

35,0

Қауыз
Майда асбұршақ

6,0
5,0

Қауыздалған, жылтыратылған жартылай асбұршақ

38,0

І жəне ІІ категориялы қаллдықтар

1,0

Барлық жарма:

73,0

ІІІ категориялы қалдық

0,5

Ұнтақ пен ұнтақталған жарма

10,5

Кебуі

4,0







Барлығы

100,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет