Аспан механикасы — астрономияның гравитациялық өрістегі Күн жүйесі денелерінің қозғалысын зерттейтін бөлімі. «Аспан механикасы» деген атауды ғылымға алғаш рет 1798 ж. француз ғалымы П. Лаплас енгізген. 1845 ж. ағылшын астрономы Джон Адамс (1819 – 1892) пен француз астрономы Урбен Леверьенің (1811 – 1877) Нептун планетасын ашуы классикалық теорияның аса маңызды жетістігі болды.
Қазіргі замандағы ғарыштық ұшырулар планеталар қозғалысының теорияларының дәлдігіне жоғары талап қоюда. 2) Кіші планеталар (астероидтар) қозғалысының теориясы. 3) Кометалар қозғалысының теориясын жасау. 4) Планеталардың табиғи серіктерінің қозғалысы тура мәселе. 5) Үш дене мәселесі – Күн жүйесіндегі Жер – Ай жүйесіндегі ғарыштық аппараттардың қозғалысы. 6) Ай қозғалысының теориясы. 7) Күн жүйесінің орнықтылығының мәселесі. 8) Аспан механикасының резонанстық мәселелері. 9) Табиғи аспан денелерінің айналмалы қозғалысының мәселері т.б.
Құйрықты жұлдыз, жасанды жер серіктері т.б. үшін гравитациялық күштен басқа реактивтік күш, сәуле қысымы, масса өзгерісі т. б. ескеріледі. Аспан механикасының зерттейтін проблемасына гравитациялық өрістегі аспан денелерінің жалпы мәселелері (n дене есебі, жеке жағдайда үш дене немесе екі дене есебі), нақты объектілердің (планеталар, жасанды жер серіктері т. б.) қозғалысы, астрономиялық тұрақтылардың мәндерін анықтау, эфемеридті құрастыру жатады. 20 ғасырдың ортасынан Аспан механикасының жаңа саласы — релятивистік Аспан механикасы дами бастады.
Аспан механикасы ең бастысы күн жүйесіндегі денелерді зерттейді — планеталардың күнді айналуы, спутниктердің планеталарды айналуы, кометалар және басқа да кішігірім аспан денелерінің қозғалысын бақылауға негізделген.
Астрофизиканың негізгі зерттеу әдістері:
Визуалды бақылау (жай көзбен және телескоптармен);
Астрофотография. Астрограф;
Астрофотометрия;
Астроспектроскопия;
Радиоастрономия, радиотелескоптар;
Аспан денелерін космостық ақпараттармен зерттеу.
Инфрақызыл, ультракүлгін, рентген және гамма астрономия пайда
болады. Осыларға қысқаша тоқталайық.
Астрофотография аспан денелерін телескоппен суретке түсіретін телескопастрограф деп аталады. Қазіргі кезде астрофотография визуальді әдісті ығыстырып шығарады деп айтуға болады. Астрофотографияның мынандай ерекшілікеріментүсіндіруге болады:
Лезділік. Көз арқылы сезіп үлгіре алмайтын өте тез өтетін құбылыстарды сезгіштігі, мысалы, метеориттердің ұшуын;
Фотопластинка жарық әсерін біртіндеп жинақтайды. Экспозиция уақыты (суретке түсіру уақыты) неғұрлым көп болса, соғұрлым жарықтың пластинкаға әсері көп болып,өте әлсіз обьектілерді: жұлдыздарды, тұмандықтарды суретке түсіруге болады;
Фотографияның документальдігі (құжаттылығы), яғни фотопластинка арқылы аспан денелерінің дамуын, өзгеруін көп уақыт өтілгеннен кейін салыстырып, зерттеп қорытынды шығаруға болады (арнаулы негатив шынылы каталог арқылы, ол кітапханада сақталған)
Астрофотометрия - аспан денелерінің шығаратын жарық сәулелерін (радиацияларын) өлшейді. Радиацияны қабылдайтын құралдар: көз, пластинка, фотоэлемент, термоэлемент, радиометр. Алғашқы үшеуінің түрлі жарық толқындарын сезгішті әртүрлі, ал кейінгі үшеуінің сезгіштігі бірдей (яғни түрлі-түсті толқындарды сезу бірдей). Көздің жақсы сезетін сәулесінің толқын ұзындығы 0,55 мк немесе 550 мк және 5500 А фотопластинка күлгін түсті жақсы қабылдайды. Айталық бір жұлдыз күлгін түстің энергиясына қарағанда екі есе артық қызыл сәулелер шығарсын, сонда көзге қызыл сәулелердің әсері фотопластинкаға қарағанда қарғанда екі есе көп болады, жарықты талдамайтын құрал көзге қарағанда 1,5 есе артық сезіп қабылдайды. Жұлдыздардың жарығын өлшейтін жарығын өлшейтін құралына байланысты жұлдыздың жалтырауын (блеск) сипаттайтын жұлдыздық шамалар визуалды (жай көзбен қарау), фотографиялық – mф , фотоэлекторлық mэл, радиометрлік - mр балометрлік деп аталады.
Радиометр, балометр жұлдыздар спектрлерінің толық жарық шығаруын сипаттайды. Аспан денелеренің жарық шығаруы, олардың жалтыраумен сипатталады, неғұрлым жарық болса, соғұрлым жалтырауы күшті болады. Жылтырауы деп-шырақтың барлық шығарған жарығының қабылдағышқа түсетін бөлігін айтады. Шырақтың жылтырауы жұлдыздық шамамен сипатталады. Жұлдыздық шаманы алғашқы рет енгізген грек астрономы Гиппарх болатын. Ол аспандағы көзге көрінетін ең жарық жұлдызды 1-шамадағы жұлдыз, ал одан жалтырауы 2,5 есе кем жұлдызды 2-шамадағы жұлдыз, ал одан жалтырауы 2,5 есе кем жұлдызды үшінші шамадағы жұлдыз т.с.с. жұлдыздық шаманы (m) деп белгілейді, сонда былай жазуға облады: 1m,2m,3m т.с.с. Бұдан жұлдыздық шама сандары өскен сайын жұлдыздың жалтырауы төмендей беретіндігін көруге болады. Көздің мұндай қасиеті ғылымда тек XVIII ғасырдың аяғында белгілі болды.
Қорытынды
Қазіргі кезде астрономияның астрофизика деп аталатын бөлімі өте тез қарқынмен дамып келеді, себебі астрофизика космос денелерінің, планеталардың, олардың серіктерінің, Күн және жұлдыздардың, жұлдыз шоғырларының және оқып-зерттейді.
Сонымен қатар, астрофизика оларда болатын процестерде, космос денелерінің эволюциясының, сол сияқты бізді қоршаған біртұтас әлемді зерттейді. Астрофизиканың дамуы астраномияның басқа бөлімдеріне қарағанда қазіргі кездегі зерттеу әдістерінің тез жетілуіне байланысты астрономияның басқа бөлімдеріне қарағанда тез дамиды.
Адам баласының космосқа шығуы, жер атмосферасының тысқары бізге жақын космосты зерттеуі, сол сияқты жер бетінен бақылау техникасының жетілуі болып табылады. Қазіргі кезде астрономдар аспан денелерін электромагниттік толқындардың кез - келген диапазонында зерттей алады. Ұзын толқындардан бастап қысқа, рентген, гамма толқындар саласында да зерттейді.
Аз уақыт арасында 1960 жылдарда осындай зерттеулер нәтижесінде көптеген жаңа объектілер ашылды. Мұнда объектілерге квазарлар, пульсарлар, рентгендер сәулелер көздері т.с.с. жатады. Мұндай жаңа объектілерге ашылуы бізді қоршаған Әлемнің алуан түрлі материядан құралатындығын дәлелдеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шаймерденова К. Астрономия,- Қарағанды: Арко, 2019. — 148 б https://www.twirpx.com/file/3030876/
Жаңабаев З.Ж. Наурызбаева А.Ж. Ізтілеуов Н.Т. Бейсебаева А.С. Жалпы астрономия: оқу құрaлы – 194 б. https://magkaznu.com/kz/shop/zhalpy-astronomiya-o-u-raly-194-b
В.Н.Глазков, АСТРОНОМИЯ:учебник -Москва,2015г. -231с. https://kapitza.ras.ru/~glazkov/teaching/astronomy.pdf
Балалар Энциклопедиясы, II- том
↑ Қазақ энциклопедиясы
↑ Әбішев Х., Аспан сыры, А., 1966;
↑ Исқақов М.Ө., Халық календары, А., 1980;
↑ Климишин И. А., Элементарная астрономия, М., 1991.
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
Достарыңызбен бөлісу: |