Реферат Тақырыбы: Атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың: көмір золінің, азоттың оксидтерінің, күкірт диоксидінің, көміртек диоксидінің мөлшерін есептеп, өндірістің қауіптілік категориясын есептеу



бет3/3
Дата28.01.2024
өлшемі35.91 Kb.
#490065
түріРеферат
1   2   3
Жахат Шоқан Реферат

Практикалық бөлім
Зерттеу әдісі: Бұл жұмыста қолданылған практикалық және сандық мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық зерттеу орталығының деректер базасынан алынған. Деректер базасынан ұсынған бір жылдық мәліметтер бойынша, Алматы қаласының климатын 1 ай ішінде бақылау нәтижесінде және сауалнамалар арқылы жүргізілді.
Нәтижесі. airkaz.org сайтындағы деректер бойынша, соңғы 30 күнде Алматыда ауаның ластану деңгейінде өзгеріс болған. Мысалы, 2023 жылғы 21 Қыркүйек PM2,5 ластануының жоғары деңгейі (44,7 мкг/м3) тіркелді, бұл ауа-райының маусымдық нашарлауына және тұрмыстық жылу жүйелерінің көбеюіне байланысты болуы мүмкін. Қалған күндері ластаушы заттардың концентрациясы стандартты мәндерден аспайтын тұрақты ауа жағдайы байқалды [4]
PM2.5: PM2.5 - өкпеге еніп, әртүрлі тыныс алу органдарының ауруларын тудыруы мүмкін 2,5 мкм аз ауа бөлшектері.
airkaz.org мәліметі бойынша, соңғы 30 күнде Алматыда PM2.5 орташа деңгейі шамамен 20 мкг/м3 болды, бірақ кейбір күндері айтарлықтай ауытқулар байқалды:

  • 21 қыркүйек 2023 жыл - 44.7 мкг/м3

  • 19 қыркүйек 2023 жыл - 33.7 мкг/м3

  • 12 қыркүйек 2023 жыл - 27.2 мкг/м3

  • 7 қыркүйек 2023 жыл - 24.8 мкг/м3

PM10: PM10 - 10 мкм аз ауа бөлшектері, олар да өкпеге еніп, тыныс алу органдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
airkaz.org мәліметі бойынша, соңғы 30 күнде Алматыда PM10 орташа деңгейі шамамен 60 мкг/м3 болды, бірақ ауытқулар да байқалды:

  • 22 қыркүйек 2023 жыл - 120 мкг/м3

  • 21 қыркүйек 2023 жыл - 98 мкг/м3

  • 20 қыркүйек 2023 жыл - 75 мкг/м3

  • 18 қыркүйек 2023 жыл - 67 мкг/м3

SO2: SO2 - күкірт диоксиді газы, ол тыныс алу жолдарын тудыруы және ғимараттар мен басқа құрылымдарды тотықтыруы мүмкін.
airkaz.org мәліметтері бойынша, соңғы 30 күнде SO2 орташа деңгейі шамамен 10 мкг/м3 болды, бірақ ауытқулар да байқалды:

  • 25 қыркүйек 2023 жыл - 18 мкг/м3

  • 18 қыркүйек 2023 жыл - 15 мкг/м3

  • 10 қыркүйек 2023 жыл - 11 мкг/м3

NO2: NO2азот оксиді, ол тыныс алу жүйесінің әртүрлі ауруларын тудырып, түтіннің пайда болуына әкеледі.
airkaz.org мәліметі бойынша, соңғы 30 күнде орташа NO2 деңгейі шамамен 25 мкг/м3 болды, бірақ ауытқулар да байқалды:

  • 24 қыркүйек 2023 жыл - 47 мкг/м3

  • 23 қыркүйек 2023 жыл - 38 мкг/м3

  • 20 қыркүйек 2023 жыл - 32 мкг/м3

СО: СО көміртегі тотығы болып табылады және улану мен денсаулыққа елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін.
airkaz.org мәліметтері бойынша, соңғы 30 күндегі CO орташа деңгейі шамамен 400 мкг/м3 болды, бірақ ауытқулар да байқалды:

  • 19 қыркүйек 2023 жыл - 900 мкг/м3

  • 11 қыркүйек 2023 жыл - 700 мкг/м3

  • 2 қыркүйек 2023 жыл - 500 мкг/м3

Кесте 1 – Алматы қаласында 4-26 қыркүйек 2023жыл аралығындағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі




Дата

PM2.5 (мкг/м³)

PM10 (мкг/м³)

NO2 (мкг/м³)

CO (мкг/м³)

26.09.2023

128

161

34

404

25.09.2023

81

104

26

320

24.09.2023

128

161

47

400

23.09.2023

98

126

38

361

22.09.2023

105

134

28

334

21.09.2023

126

161

30

345

20.09.2023

103

131

32

342

19.09.2023

151

188

25

900

18.09.2023

138

174

28

426

17.09.2023

102

131

24

351

16.09.2023

105

135

27

361

15.09.2023

108

137

28

367

14.09.2023

127

161

30

379

13.09.2023

120

152

26

365

12.09.2023

119

150

25

354

11.09.2023

138

175

24

700

10.09.2023

106

136

26

357

09.09.2023

94

120

22

314

08.09.2023

85

110

21

292

07.09.2023

89

115

22

302

06.09.2023

102

131

25

334

05.09.2023

118

150

26

357

04.09.2023

131

165

28

332


Қорытынды
Алматы қаласындағы ауадағы газ тәріздес ластаушы заттардың көрсеткіші климатқа тікелей байланысты. Мысалы жаңбырлы күндері ауа тазарып, ластаушы заттардың көрсеткіші минималды дәрежеге (зеленый зона) жететінін байқауға болады (кесте 1). Ал ауа-райы құрғақ және температура +25°C асқан кезде ластаушы заттар көрсеткіші артады. Біздің күнделікті тұрмыста ауаның ластануы көп болады. Соған байланысты төменде әлемдік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болған фактілер келтіріп отырмын:

  • Дүние жүзі бойынша шамамен 2,4 миллиард адам (әлем халқының үштен бірі) ашық отты немесе керосин, биомасса (ағаш, малдың тезегі және өсімдік қалдықтары) және көмірмен жұмыс істейтін тиімсіз пештерді пайдаланып тамақ әзірлейді, нәтижесінде үй ішіндегі ауаны ластайды.

  • Тұрмыстық ауаның ластануы 2020 жылы шамамен 3,2 миллион өлімге, оның ішінде 237 мыңнан астам 5 жасқа дейінгі балалар өліміне себеп болды.

  • Сыртқы ауаның және тұрмыстық ауаның ластануының бірлескен әсері жылына 6,7 миллион мезгілсіз өліммен байланысты.

  • Тұрмыстық ауаның ластануының әсері инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) және өкпе ісігін қоса алғанда, жұқпалы емес аурулардың дамуына әкеледі.

  • Әдетте тамақ пісіру және отын жинау сияқты үй шаруасына жауап беретін әйелдер мен балалар үйлерде ластаушы отындар мен технологияларды қолдану нәтижесінде денсаулықтарына өте үлкен зиян келтіреді.

  • Тұрмыстық ауаның ластануын азайту және денсаулықты сақтау үшін таза отын мен технологияларды пайдалануды арттыру қажет. Оларға күн энергиясы, электр энергиясы, биогаз, сұйытылған мұнай газы (СКГ), табиғи газ және ДДҰ нұсқаулығында белгіленген шығарындыларға сәйкес келетін биомасса пештері кіреді [7].

Алматы климатын бір айлық зерттеу нәтижесінде көзім жеткені, ауа-райы құрғақ болған кезде, маска және күннен қорғауға арналған заттарды пайдаланған дұрыс. Себебі ауадағы газ тәріздес ластаушы заттар және ұсақ бөлшектер адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, аллергия, тыныс алу жолының қауіпті ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл аурулар сол уақытта білінбесе де уақыт өте айқын симптомдар байқала бастайды. Қазақстандықтардың көпшілігі ауаның ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін аудандарда, әсіресе қалаларда тұрады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ауаның ластануының әсерінен көптеген аурулар, соның ішінде инсульт, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, трахея, бронх және өкпе ісігі, демікпенің өршуі және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ауаның ластануы мен 2 типті қант диабеті, семіздік, жүйелі қабыну, Альцгеймер ауруы және деменция арасындағы байланыстың дәлелдерін ұсынды. Онкологиялық зерттеулердің халықаралық агенттігі ауаның ластануын, атап айтқанда PM2.5-ті қатерлі ісік ауруының негізгі себептерінің бірі ретінде жіктеді. Жақында жүргізілген жаһандық шолу созылмалы әсер ету дененің барлық мүшелеріне әсер етуі мүмкін, бұл денсаулық жағдайын қиындатады және нашарлатады.
Жоғарыдағы мәліметтерге назар салып қарасақ, ауаны ластау арқылы біз көптеген адамдардың болашағына балта жауып жатырмыз. Соның ішінде жасөспірімдерге үлкен зиян келтіреді. Жас балдардың ағзасы әлі даму сатысында болғандықтан олар инфекцияны және әр түрлі ауруларды тез қабылдап алады. Сондықтан ауаны таза ұстау осыған дейін маңызды болды және болашақтада маңызды мәселелердің біреуі болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Journal article: «Chemical Industry and Environmental Pollution» (authors: Smith J. Et al., journal: «Environmental Science & Technology», year of publication: 2020).

  2. "The Use of Chemicals in Food Production, Processing, Storage, and Marketing" (Fathi et al., 2017).

  3. "Sustainability Assessment of Chemical Industries: A Review" (Zhang et al., 2019).

  4. https://www.kazhydromet.kz/ru/klimat/ezhegodnyy-byulleten-monitoringa-sostoyaniya-i-izmeneniya-klimata-kazahstana

  5. https://airkaz.org/xls/daily_almaty_6oct20.xlsx

  6. https://www.airkaz.org/almaty.php

  7. https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/household-air-pollution-and-health

  8. https://www.eea.europa.eu/en/topics/in-depth/air-pollution/eow-it-affects-our-health#


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет