Реферат Тақырыбы: «Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның экологиялық мәселелері»



бет1/2
Дата03.10.2023
өлшемі181.86 Kb.
#479589
түріРеферат
  1   2
Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның экологиялық мәселелері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті
Реферат


Тақырыбы: «Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның экологиялық мәселелері»


Орындаған: Қуанышпек С.С.
Тобы: Экология 23-12


Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның экологиялық мәселелері
Қазіргі уақытта адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің табиғатқа өте жиі және апатты әсерінен қоршаған ортаның экологиялық проблемасы ушығып отыр. Адамның өндірістік қызметі биосфераны — жердің беткі қабатын ғаламшар пайда болған кезеңнен бергі эко-логиялық балансты бұзатын елеулі зақым-дануға әкелді. Қоршаған ортаның ластануы, ең алдымен, адамның денсаулығы мен әлауқатына тікелей әсер ететін су, ауа, жердің улануымен байланысты.
Алайда химиялық ластанудың жанама әсерлері бар. Мысалы, көмірқышқыл газының үлкен шығарындылары климатқа әсер етеді. Бұл, өз кезегінде, азық-түлік өнімдерін өндіруге әсер етеді; биогенді элементтердің (азот, күкірт, фосфор, калий және т.б.) концентрациясының өзгеруіне әкеледі. Кейбір популяциялардың жойылуына немесе басқаларының шектен тыс көбеюіне әкеледі.
Атмосфераның ластануы. Күн сайын адамдар орта есеппен құра-мында өмірлік маңызды оттектен басқа зиянды бөлшектердің және газдардың толық тізбесін қамтитын 20000 л ауамен тыныс алады.
Атмосфераны ластағыштар шартты түрде екіге бөлінеді: табиғи және техногендік. Соңғысы басым.
Э кологиялық мәселелердің себептері. Химия өнеркәсібінің жұмысы көңіл қуантарлық емес. Зауыттар шаң, мазут күлі, түрлі химиялық қосылыстар, азот оксидтері және т.б. көптеген зиянды заттар шығарады. Ауаны зерттеулер көрсеткіші атмосфера қабатының апаттық жағдайда «кенін көрсетті, ал ластанған ауа адамдарды көптеген созылмалы ауру-ларға душар етеді. Атмосфералық ластану — бұл қоршаған ортаның проблемасы. Ол жердің әрбір тұрғынына белгілі деуге болады.
Қара және түсті металлургия, энергетика, химия, мұнай-химия, құрылыс, целлюлоза және қағаз өнеркәсібі бар қала тұрғындары атмосфераның ластануын қатты сезінеді. Кейбір қалаларда атмосфе-раны автокөлік пен жылыту қазандықтары өте қатты улауда. Мұның барлығы ауаның антропогендік ластануының мысалдары.

Атмосфераны ластайтын химиялық элементтердің табиғи көздеріне келетін болсақ, оларға орман өрттері, жанартаулардың атқылауы, жел эрозиясы (топырақтың және тау жыныстарының ұсақталуы), тозаңның таралуы, органикалық қосылыстардың булануы және табиғи сәулелену жатады .



Атмосфераны химиялық ластанудан қорғау. Біздің ғаламшарымыз-дың атмосферасы бірнеше қабаттан тұрады: тропосфера, стратосфера, мезосфера және ионосфера.


Атмосфералық ауа 78,08% азот, 20,95% оттек, 0,93% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы бар газдардың қоспасы екені сендерге мәлім. Жердегі тіршіліктің даму барысында барлық организмдер, соның ішінде адам атмосфераның осындай құрамына бейімделген және оның өзге-рістеріне өте сезімтал . Биологиялық тотығудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде оттек ерекше маңызды. Зат алмасуды бірқалыпты ұстап тұру үшін ұлпалар мен жасушалар оттекпен үздіксіз қамтамасыз етіліп тұруы тиіс. Атмосфера биосфераның реттеу механизмі болып табылады және су, оттек, азот және көміртек айналымын реттейтін механизмнің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады.
Атмосфералық азот өсімдіктердің қоректенуіне қажетті заттардың көзі болып табылады, ал көміртек диоксиді фотосинтез процесіне қатысады.

Атмосфера жердегі тіршілікті ғарыштан келетін зиянды әсерден қорғайтын экран ретінде қызмет етеді. Тіршілік көзі — күн сәулесі атмосфера арқылы енеді. Атмосфера толқын ұзындығы 0,3 нм-ден 0,52 нм диапазоны аралығында күн сәулесінің жалпы энергиясының 82%-ын, сондай-ақ ұзындығы 1 мм-ден 30 м-ге дейінгі радиотолқын-дарды өткізе алады. Өте қысқа толқынды радиация — рентген сәулелері атмосфераның бүкіл қалыңдығына сіңіріледі де, жер бетіне жетпейді.
Ұзындығы 0,29 нм-ден аз қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерді адсорбциялайтын атмосфералық озонның ерекше маңызы бар. Осылайша атмосфера жердегі тіршілікті қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. Сонымен қатар ол күннің инфрақызыл сәулелерін өткізеді, бірақ құрамында озон, көмірқышқыл газы және су булары болғандықтан, жердің инфрақызыл сәулелерінің ғарышқа шығып кетуіне тосқауыл болады.
Егер бұл газдар атмосферада болмаса, онда жер бетінің орташа температурасы –23°C болар еді, ал, шын мәнінде, ол +14,8°C-қа тең. Атмосфераның барлық физикалық және химиялық қасиеттері дәл осындай болған жағдайда ғана Жерде қазіргідей тіршілік формасы болуы мүмкін.
Атмосфераның табиғи ластануын оның реттелетін функциясына ықпал ететін фактор ретінде қарастыруға болады. Сондықтан ластану термині белгілі бір дәрежеде шартты болып табылады. Ормандардың өртенуі, жанартаудың атқылауы және биохимиялық реакциялар нәти-жесінде пайда болған газдар атмосфераға енеді. Атмосфералық шаңның ерекше маңызы бар. Ол тау жыныстарының үгітілуінен, топырақ эрозиясының, орман өртінің әсерінен пайда болады. Атмосферада конденсация ядросын жасайды, онсыз жауын-шашынның қалыптасуы мүмкін емес.
Ауа ластануының салдары. Атмосфералық ауаның ластануы адамның денсаулығына зиянды әсер етеді, бұл жүрек және өкпе ауруларының дамуына ықпал етеді (атап айтқанда, бронхит). Сонымен қатар озон, азот оксидтері және күкірт диоксиді сияқты атмосфералық ластағыштар табиғи экожүйелерді және өсімдіктерді жойып, тірі заттардың (соның ішінде өзен балықтарының) жойылуына әкеліп соғады.
Экологиялық проблеманы шешу. Ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, экологтардың пікірінше, ауа ластануының жаһандық экологиялық проблемасы мынадай жолдармен шешілуі мүмкін:
• энергияны пайдалануды азайту;
• энерготиімділігін арттыру;
• қалдықтарды азайту;
• экологиялық таза энергия көздеріне көшу;
• ластанған жерлерде ауаны тазалау.

Гидросфераның экологиялық мәселелері


Гидросфера дегеніміз - Дүниежүзілік мұхитқа, жер асты суларына және жер үсті континенттік суларға бөлінген планетада орналасқан барлық су ресурстары. Ол келесі көздерден тұрады:

  • Өзендер мен көлдер;

  • Жер асты сулары;

  • мұздықтар;

  • атмосфералық бу;

  • теңіздер мен мұхиттар.

Су үш физикалық күйде болады, ал сұйық күйден қатты немесе газ күйіне ауысу және керісінше, табиғаттағы су айналымы деп аталады. Бұл цикл ауа-райы мен климаттық жағдайларға әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет