Реферат тақырыбы: Қазақ халқының батырлары



бет6/9
Дата28.05.2023
өлшемі107 Kb.
#474419
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат Қазақ хандығының батырлары2

Мәншүк Мәметова
Сұрапыл соғыс жылдарында жаратылысы нәзік болса да, сайдың тасындай сарбаздардан кем түспей, қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының есімдері ел есінде. Солардың бірегейі, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова.
«...Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген әнді қосыла шырқаған әрбір қазақ қызы қос батыр апаларының ерлігіне сүйсіне өскен. Ерліктің қос қанатына баланған тұлғаның бірі – Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Екі ұлдан кейін дүниеге келген қызының қарақаттай көздеріне қарап анасы «Моншағым» деп еркелетеді. Атын айтуға тілі келмеген кішкентай Мәнсия өзін «Мәншүк» деп атап кетеді.
Қылығы тәтті үш жасар Мәншүкті әкесінің перзент сүйе алмай жүрген інісі Ахмет асырап алғысы келетіндігін айтып өтініш жасайды. Ата-анасы баласын қимағанымен қыздарының қалада оқып, болашағы жарқын болғанын қалайды. Осылайша қазақтан шыққан алғашқы дәрігер – Ахмет Мәметов жұбайы Әминамен Мәншүкті Алматыға алып кетеді. Батыр қыз балалық, жастық шағында Әмина Мәметованың тәрбиесін көреді. Тегін ауыстырған Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Кейіннен әке жолын қуып, медицина институтына оқуға түседі. 1937 жылы дәрігер Ахмет Мәметов «халық жауы» деген айыппен қамауға алынады. «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта», - деген екен Ахмет әйеліне айтқан соңғы сөзінде. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүктің анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Тұрмыстары төмендеп кеткеннен кейін ол Халық комиссарлар кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінде хатшы-машинист қызметін атқарады. Жұмыстан бос кезінде жалпыға міндетті соғыс өнерін үйрену сабақтарына қатысып, қару-жарақтың барлық түрін меңгеруге күш салады.
Тағдыр тауқыметін тартқан Мәншүк Мәметова 1941 жылдың басында үйінен жатақханаға қоныс аударады. Осы кезде Мәншүктің қасынан табылып, демеу болған замандас досы, танымал жазушы Ілияс Есенберлин былай еске алады: «Біз екі жігіт, Мәншүктің жақын достары, барлық қиыншылық, ауыртпалықты көрдік, тірідей жетім Мәншүкті барынша жұбатып, демедік. Ол әкесі Ахметтің ұсталып кеткеніне қатты қайғырды, ешқандай тағат таппады, әкесімен кездесуге сұранды, инстанция бойынша да жазды, яғни әкесі Ахмет Мәметовтың кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін. Бірақ өкінішке қарай, мұның бәрі бос әурешілік болды. Бір кешкі уақытта біз оның байлығы: шереден жасалған сандықша толы жеке заттарын алып үйінен жатақханаға көшірістік. Жұмыстан бос кезімізде Мәншүктің жанында болуға тырыстық».
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Кеңестер елін қорғауға қатысып, майдан даласында жаумен шайқасу арқылы өзінің сүйікті әкесі Ахметті жазықсыз жазадан құтқарып қалуды ойлаған қайсар қыз: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», -деп өтініш жазып, соғысқа баруға шешім қабылдайды. Мәншүк ол кезде әкесінің ату жазасына кесілгенінен бейхабар еді.
Ержүрек қыз діттеген мақсатына жетіп, ер азаматтармен бірге соғысқа аттанады. 1942 жылғы 13 тамызда еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласынан Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған 100-ұлттық атқыштар бригадасы жасақталады. Бес мыңға жуық жауынгердің арасында Нұржан Құсайынов, Райымбек Бәйсейітов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин және Сұлтан Жиенбаев сынды қазақтың біртуар азаматтары да болды. Оның ішінде екі қазақ қызы да бар еді: Мәншүк Мәметова мен Мәриям Сарлыбаева.
1943 жылдың қазан айында Мәншүк әскери қызметте болған батальонға Изоча станциясын еш шығынсыз жаудан азат ету туралы бұйрық беріледі. Псков облысындағы Невель қаласын жаудан босату үшін Изоча стансасындағы 173,7 биіктікте сұрапыл ұрыста қазақтың жаужүрек пулеметші қызы өзінің «Максимімен» бірге құйындата оқ боратып, 70 неміс фашисін жер жастандырады. Қасық қаны қалғанша жаумен қасқая күрескен қазақтың батыл да батыр қызы Мәншүк 1943 жылғы 15 қазанда ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет