Реферат Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері Пәні: Қазақстан тарихы



бет3/3
Дата01.03.2024
өлшемі25.21 Kb.
#493458
түріРеферат
1   2   3
реф

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де косымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады, Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар патекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен карапайым үй салуды үйренді.
Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.
Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі.
Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
Қорыта келе, Қазақстан жері көне археологиялық ескерткіштерге өте бай болып табылады, тарихи - мәдени ескерткіштердің Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Сол ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үніле аламыз. Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен ғасырлардың ескерткіштерін сақтау қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда, олардың кейбіреулері мемлекеттік орындардын қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр. Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу,мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек.


П А Й Д А Л А Н Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р Т І З І М І


  1. Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. - Алматы. Т. 1, 1996.

  2. Шәймерденов К. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. 1981

  3. Ердавлетов С, Р. Достопримечательные места Казахстана.- Алма- Ата: 1988

  4. Марғұлан А. Архитектурные памятники


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет