Реферат Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері Пәні: Қазақстан тарихы



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі25.21 Kb.
#493458
түріРеферат
1   2   3
реф

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
2.1 Тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктері
Қазақстанның Оңтүстік бөлігін адамдар тас ғасырының ерте палеолит дәуірінде мекендеген. Бұл адамзат тарихы дамуының басты кезеңі, б.з.д. 1 млн-нан 140 мың жыл арасын қамтиды. Осы өңірде адамдардың тас ғасырынан бастап мекендегеніне сол дәуір ескерткіштері – тұрақтар, шеберханалар мен Қаратау жоталары аймағынан табылған тас құралдар – шапқылар мен өзектастар дәлел. Түркістан қаласы жанындағы Қосқорған және Шоқтас қасынан таяуда табылған ерте дәуір адамдарының тұрағы бірегей ескерткіш болып табылады.
Орта палеолит (мустье) дәуірінде (б.з.д. 140-тан 40 мың жыл арасы) тас өңдеудің неғұрлым озық үлгілерін игере бастағаны, адамдардың тасты өткірлеп ұштау, қырып жону құралдарын меңгергені байқалады. Кейінгі мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды тұрағы болып саналады.
Кейінгі палеолит дәуірінде (б.д.д. 40-тан 10 мың жылдар) адамдардың көбеюімен бірге олардың тіршілік аймағы да кеңейіп, мекендері мен еңбек құралдары да көбейе түсті. Тас өңдеудің де озық тәсілдерін игерді. Дөңгелек пішінді құралдардың орнын призмалық өзектастар алмастырды, еңбек құралдары мен аң аулауға арналған әртүрлі құралдар – түйреу мен кесу құралдары, қырғыш пен жоңғыштар, найза ұштары мен тескілер пайда болды. Найза және сүңгі ұштары сүйектен өрнектеліп жасалды. Бұл дәуірдің назар аударарлық ескерткіші – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ.
Мезолит (орта тас ғасыры) және неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.д. 12-ден 4 мың жылдықтар арасын қамтиды) дәуірінде адам өмірі мен өндірісте едәуір өзгерістер болды. Адамдар садақ пен жебе, тегістеп өңделген тас құралдарын жасады. Кесу, тесу, тас бетін тегістеу техникасын меңгерді. Құрал саптарының басына өңделген ұсақ тастарды (микролит) бекітуді үйренді. Осы әдіспен пышақ пен қол орақ, балта мен шот, дән үккіштер жасалды. Жаңа тас ғасырында (неолит) адамдар саз балшықтан ыдыстар (керамика) жасауды да үйренді. Бұл дәуірге Отырар (Қызылқұм) ауданы аймағындағы Маятас тұрағы, Жаңашілік-1, 2, 3 орындары жатады.
Неолит дәуірінің соңына қарай егіншілік пен мал тарихы ғажайып өлке шаруашылығы пайда болып, дами бастады. Бұл кезеңге тән тұрақтар Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде кездеседі, олардың ішіндегі Түлкібас ауданындағы Қараүңгір өзенінің оң жағасында орналасқан неолиттік үңгір – Қараүңгір тұрағынан қазба барысында алуан түрлі құралдар алынды. Қазба жұмыстары кезінде тас құралдар, үй жануарларының сүйектері, саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары мен оттық қалдықтары табылды.

2.2 Қазақстан аумағында табылған ескерткіштер
Қазақстан жерiндегi ежелгі адамның iздерi ерте палеолит дәуiрiне жатады. Ежелгi адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бiрак олардың мекен-жай, тұрактары табылып, зерттелуде. Адамдардың коныстануына қолайлы жердің бiрі Оңтүстiк Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек кұралдары табылды. Көне тас Дәуiрiнiң алғашкы кезенiнiң ескерткiштерi Казакстанның оңтүстiгiнен,Арыстанды өзенiнің бойынан Кызылтау , Тәңірқазған, Бөрiқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерiнен табылған Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуiрге жататын ескерткiш табылды.
Карасу тұрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған. Орталық Қазақстанда ежелгi палеолит адамы оңтүстікке карағанда кешiрек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендедi. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы табылды.Ерте палеолит кезiнде адам тасты жару үшiн екiншi тасты
пайдаланған оларды бiр-бiрiне соғатын болған. Мүндай тәсiлдi жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен.Өйткені шикізат ретiнде кебiнесе өзен малтатастары пайдаланылған.Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшiн жұмыр тас колданды.Дайындалған кұрал кейiн шапқыш ретінде колданылды. Бұл кезде қол шапқы қарудың аса оңтайлы кең тараған түрi болды.

Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі - Кұдайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналаскан.


Орта палеолит кезеңiнде тас өндеу әдiстерi жетiлдiрiле бастады. Ендi еңбек кұралдарын дөңгелек өзек тастан жасау әдiсi кең тарады. Сол кездегі қарулардың негiзгi түрлерi тiлгiштер мен кырғыштар болды. Бұл кезенде адам ағаш бұтағын бiр-бiрiне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды ұрып ұшқын шығарып, от алуды үйренді.Алғашқы дiни сенiм калыптасты. Мустьерлiктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсiнiк, өлгендерге кұрметпен қарау белгiлерi пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңiндегi адамды неандертальдық деп атайды. Ежелгi адамдардың ұйымы үлкен қауым орта палеолитте қалыптасты.
Орта палеолиттiң белгiлi тұрактары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл келiнен оңтүстікке карай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары. Осы кезеңге жататын тұрактар, сондай-ақ Арыстанды мекенiнен де табылды. Солардың iшiндегi ең күрделісі Ш. Уәлиханов атымен аталды. Үшбұлак койнауынан аңшылардың шағын топтарының уакытша тұрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесi Жезқазған облысындағы Обалысай сондай-ак Сарысу өзенiнiң орта ағысындағы Мұзбел және Есiл өзенiнің арғы жағындағы, яғни Қарағандының солтүстiгiндегi Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы тұрактар.
Мустье кезенiнiң жаңа ескерткiштерi 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар Өгізтау, Улкен Акмая тұрақтары.

Кейiнгі палеолит бiздiң заманымызға дейiнгi 40 мың жылдан 12 мыңжыл бұрынғы уақытты қамтиды. Бұл адамзаттың жердiң барша климаттық зоналарына тарап коныстанған және нәсiлдер мен нәсiлдiк топтардың құрылған кезi. Осы дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі бiрiншi рет Франциядағы КроМаньон үңгiрiнен табылғандықтан, оны кроманьондык деп атайды. Бұл кезенде пышак тiлiктер, кырғыштар т.б. тас кұралдары пайдаланылды. Қарулар жетiлдiрiлдi. Аң аулауда найза лақтырғыш колданылды.


Коғамдык катынастар жетiлiп, адамдардың бiрлескен ұйымының Tүрлі рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулык кауым карым-катынасы орнады. Әйелдiң қоғамдык өмiрде биік орынға ие болуы кауымдық үй шаруасынын ерекшелiгiмен, әйелдiң ұрпакты жалғастыру ретіндегі отбасылық рөлiмен де анықталып қойылған.
Неолитте Қазақстан аумағында бұлақтық тұрактар кең тараған, өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы. Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет