2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
Көтерме және бөлшек саудадағы өндіруші-кәсіпорынның бағасының құрамына үстемелер мен шегерімдер енуі мүмкін.
Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі – мәміледе қарастырылған жағдайларда өндіруші (жабдықтаушы) сатып алушының қосымша талаптарымен келісіп, орындаған жағдайда тауардың (қызметтің) негізгі бағасына қосылатын үстеме болып табылады. Үстемелер, мысалы, машинаның, құрал-жабдықтардың қандай да бір бөлшегінкүшейтуге, қосымша сервистік қызметтерді көрсеткенге және т.б жағдайларда есептелуі мүмкін.
Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі) – бұл, көтерме фирмалардың базалары мен қоймаларынан тауарды өткізгенде бағасынақосылатын үстеме, ол олардыњ шығындарын жабуға және белгіленген орташа пайданы алуға қажет. Іс-жүзінде, әр баға шығындар мен пайдадан тұрғандықтан, бұл үстеме көтерме сауда қызметінің бағасы болып табылады. Жабдықтау-өткізу үстемелерінде сатып алу, сақтау, жинақтау, іріктеу, тасымалдау, өткізу шығындары ескеріледі.
Саудалық үстеме – бұл тауарды өткізу бойынша бөлшек сауданыњ шығындары және пайданың жеткілікті нормасынан тұратын бөлшек сауда желісінің бағасынаүстеме.
Шегерімдер - тауарды (қызметті) сатушымен нарықты кеңейту, өткізетін тауарлар санын көбейту мақсатында әр-түрлі сатып алушыларға бөлінетін сома. Бағаны «саудаласу» әдісі қолданады.
Шегерімдер келесі түрде болуы мүмкін:
- тауардың номиналдық бағасын төмендету пайызы;
- төмендетілген бағамен алынатын тауар бірліктерінің саны;
- сатып алушыға қайтарылып берілетін немесе тауардың келесі партияларының төлеу шотына есептелетін сомолар.
Қолма-қол төлем үшін шегерімдер - шоттарды жылдам қолма-қол қаражаттармен төлеген сатып алушылар үшін бағаны төмендету. Ол сараланған болуы мүмкін. Мысалы, егер шоттар 3 күннің ішінде төленсе-5%, 10 күннің ішінде — 3% және т.с.с.
Жылдам төлемдер үшін шегерімдер - өзара шартта бекітілген мерзімінен бұрын сатып алынған тауардың партиясына төлемді жүзеге асырғаны үшін стандартты сату бағасын төмендету шарасы. Берілген шегерімнің негізгі міндеті-дебиторлық қарыз мерзімін қысқарту және фирманың капитал айналымдылығын жылдамдату.
Төлемді жылдамдату шегерім нұсқасы 3 элементтен тұрады:
1) шегерімнің өзіндік сандық шамасы;
2) сатып алушы мұндай шегерімді пайдалануға мүмкіншілігі бар мерзім;
3) егер сатып алушы төлемді жылдамдату үшін шегерімді игеру мүмкіншілігін жіберіп алған кезде, жеткізілген тауар партиясына барлық қарыз соманы төлеуді жүзеге асыру мерзімі.
Жеңілдетілген баға - жекелеген тауар нарықтарында немесе тұтынушылардың бөлек топтарына өнімнің белгіленген түрлерін өткізуді ынталандыру мақсатымен төмендетілген деңгейде орнатылған баға.
Тауарды кешендік сатып алудағы шегерімдер - егер сатып алушы берілген тауарды сол фирманың басқа қосымша тауарларымен алса, оған кепілденген, стандартты сату бағасынан төмендету шарасы.
Сатып алынатын тауарлардың көлемі үшін шегерімдер (кумулятивті емес) - белгіленген уақытта бір тауардың көп көлемін сатып алушы үшін бағаның төмендеуі.
Айналым үшін шегерімдер немесе бонустік шегерімдер (кумулятивті) – белгілі бір мерзім ішінде қол жеткізген сату деңгейіне байланысты тұрақты сатып алушыларға ұсынылады.
Кумулятивті және кумулятивті емес шегерімдер арасындағы айырмашылықты мысалда қарастырайық.
Кумулятивті шегерімдерді сәнді тауарларды өткізгенде қолданған жөн, өйткені оларды үлкен партиялармен сатып алу сатып алушы үшін тәуекелділікте болады.
Прогрессивті шегерімдер - сериялық шегерім, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік бергендіктен, алдын-ала белгіленген және көлемі жағынан ұлғайатын тауарларды сатып алу жағдайында ұсынылады.
Дилерлік шегерімдер - өндірушінің өзінің өнімін өткізу бойынша тұрақты делдалдары мен өкілдеріне ұсынатын шегерімдері. Стандартты құрал-жабдықтар, тракторлар, автомобильдерді сатуда кең тараған. Дилерлік шегерімдер автомобильдің маркасына байланысты бөлшек бағаның 15-20% құрауы мүмкін.
Арнайы шегерімдер - сатушылар тапсырмаларына мүдделі болған ерекше сатып алушыларға; сынақ партиялары үшін, тапсырмалардың жиілігі мен тұрақтылығы үшін беріледі.
Сатуды ынталандыру үшін шегерімдер - нарыққа жылжытуға, жарнама мен сауда агенттерінің қызметтеріне жоғары шығындарды талап ететін жаңа тауарларды алған сауда делдалдарына кепілденген стандартты сату бағасынан төмендету шарасы. Бұл шегерімдер прейскуранттық бағадан қосымша пайыз түрінде немесе өндірушіден сатып алған тауардың бірлігіне абсолюттік сома түрінде бекітілуі мүмкін.
Экспорттық шегерімдер - ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін бекітілген шегерімдеріне қоса шетел сатып алушыларына арналған бағаны төмендету шарасы. Бұл шегерімнің мақсаты — сыртқы нарық үлесін жаулап алу.
Мерзімдік шегерімдер - тауарды белсенді сұраныс кезеңінен тыс сатып алғаны үшін беріледі. Оның мақсаты — активтердің айналымдылығын жылдамдатуды, өндірістік қуаттар жүктемелерінің мерзімдік құбылуын төмендетуді қамтамасыз ету үшін кезекті мерзімнен бұрын тауарды сатып алуға тұтынушыларды ниеттеу.
Мерзімдік шегерімнің көлемі келесілермен анықталады:
1. сатып алушымен, белсенді сатуларға дейін тауарды сақтау шығындарын қарай;
2. өндірушімен, тауарды өзінде сақтауға және қоймада тауар тұрып қалушылығына байланысты мүмкін шығындар нәтижесінде өндірістің тоқтап қалу қауіпіне қарай;
Сондықтан мерзімдік шегерімнің көлемі белсенді мерзімнің жақындауына қарай ұлғайып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |