Реферат Тақырыбы: Баскетбол ойыны Орындаған : Мәмле Ә. Ә Тексерген: Ысқақов М. А орал-2011 Жоспар


Баскетбол ойынын спорт және мектеп саласында дамыту



бет4/6
Дата15.12.2023
өлшемі34.49 Kb.
#486613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-6641

4. Баскетбол ойынын спорт және мектеп саласында дамыту
Ғылыми зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін жинақтау негізінде жазылған осы тарауда дене шынықтыру сабақтарында жас баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін ұйымдастыру мәселелеріне психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.
Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада ұйымдастырылуындағы түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын қалыптастыру арқылы технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі көзқарастардың қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан негіздеу көрініс тапқан.
«Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.
«Оқушылардың баскетбол сабақтарының оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы кезеңі» бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ.
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет