Реферат Тақырыбы: Баскетбол ойыны Орындаған : Мәмле Ә. Ә Тексерген: Ысқақов М. А орал-2011 Жоспар


Қазақстанның «Астана» құрама баскетбол клубы жайында



бет5/6
Дата15.12.2023
өлшемі34.49 Kb.
#486613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-6641

5. Қазақстанның «Астана» құрама баскетбол клубы жайында
Баскетбол – командалық ойын
Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Астана» баскетбол командасының толық құрамымен кездесуі кезінде еске салды. «Астана» баскетбол клубы 2011 жылғы наурызда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қайта жасақталған болатын. Команданың жаттықтырушылар құрамы да өзгеріске ұшырады. Енді елордалық ұжым Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, ел кубогін 4 мәрте иемденген «Астана жолбарыстары» баскетбол клубының негізінде және Еуропадан келген легионерлерден құралады: соның ішінде қазақстандықтар - Рустам Яргалиев, Антон Пономарев, Всеволод Фадейкин, Егор Бирюлин, Максим Воейков, Артем Скорняков және Еуропа төріне есімдері белгілі Джери Джонсон, Роул Маршал, Эрик Вильямс, Бранко Цветкович пен Горан Чакич. Баскетбол клубының бас бапкері болып 2008 жылы Италияда «Жыл бапкері» атанған, итальяндық жаттықтырушы Маттео Боничиоли, бас директоры болып Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко тағайындалды. «Алда тұрған міндет біреу – чемпион атану. Біз жас елміз, үлкен белестерді бағындыруға тырысамыз, сондықтан бар күшімізді салып, қайтсек те чемпиондыққа ұмтылуымыз қажет. Біз кез-келген сында бірінші болуға тырысып бағамыз және бұл дұрыс ұстаным», - деді И.Тасмағамбетов спортшыларға. Ол сондай-ақ «көшбасшылыққа ұмтылу – Тәуелсіз Қазақстанның басты ерекшелігі, еліміз тәуелсіздігінің 20 жылында керемет жетістіктерге қол жеткізді» деп атап өтті. «Жалғыз Астананың өзі неге тұрады? Әлемде 5-6 жыл ішінде жаңадан астанасын бой көтерткен басқа ел жоқ. Бұл шын мәнінде солай. Өздеріңіз куә болып отырсыздар, Астанаға әлемнің үздік сәулетшілері жұмыс жасауға ұмтылады. Сондықтан да ең үздіктерді таңдауға тырысады екенбіз, өзіміз де соншалықты тамаша жетістіктер көрсетуге дайын болуымыз қажет. Мен сіздерге сенемін», - деп атап өтті елорда басшысы.
И.Тасмағамбетов Астана құрамасы жеңіс үшін жорыққа Астана қаласының әкімдігімен және қаржылық қолдау көрсететін достары «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бірге аттанады. «Баскетбол керемет спорт түрі: ширақ, толық мағынасындағы спорттық ойын. Ол - командалық ойын, онда әрбір ойыншы бір-бірін жақсы сезінуі тиіс», - деді И.Тасмағамбетов.
«Баскетбол – бұл кеудеде үлкен толқыныс тудыратын ойын. Мен бұл туралы сеніммен айта аламын, себебі менің тағдырым да баскетболмен байланысты болды. Мен бала кезімде баскетбол ойнадым және еңбек жолын алғаш рет балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде баскетболдан жаттықтырушы болып бастағам. Және де мұны мен мақтанышпен айта аламын. Сондықтан мен сіздерді жақсы түсінемін, мен баскетбол алаңын, баскетбол добын білемін. Қызметтік борышы бойынша емес, сіздерге жанымен жақын және сіздердің әрбір ойындарыңыз кезінде жанкүйерлік танытып, жеңістеріңізге бірге қуанып, жетістіктеріңізді мақтан тұтатын адам бар екені естеріңізде болсын. Сондай-ақ, әрине біздің клуб барлық жағынан мықты болуы үшін жағдай жасайтын боламыз», - деп хабарлады ол.
Әкім команда капитанына Астананың алтын гербін табыс ете отырып, бұл «Астана» командасының алғашқы «алтыны» дей келе, болашақта олардың саны жылдан жылға толыға түсетініне сенім білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет