Реферат тақырыбы: Бейімдеу және сауықтыру дене тәрбиесінің маңызы Орындаған: Кайруллова Дина, ҚЖ-21 Тексерген: Сериков Т. Ш



бет2/4
Дата03.01.2022
өлшемі24.45 Kb.
#450248
түріРеферат
1   2   3   4
Бейімдеу және сауықтыру дене тәрбиесінің маңызы

Техникалық кешендер

Бір орында және қозғалыс кезінде допты қадағалау тәсілдерімен танысу

1-кешен

Тура және түрлі бағыттар бойынша доппен қозғалуды үйретуге арналған икемдеуші жаттығулар жүйесі

1. Доппен аяқтың ішкі, сыртқы жағымен, өкшемен, табанмен бұрылуды орындаған соң, алға және қайтадан артқа доппен қозғалу.

2. Фишкаларды айналып өтіп, допты сол аяқпен тебе қозғалу.

3. Фишкаларды айналып өтіп, допты оң аяқпен тебе қозғалу.

4. Шаршы және үшбұрышты айналып, доппен қозғалу. Жаттығу оң және сол аяқпен орындалады: аяқтың ішкі және сыртқы жағымен. Доппен қозғалған кезде, басты көтеріп, алдында келе жатқан ойыншыға қарау.

5. Доптың қай жерде екенін, қозғалу бағытын айтып тұратын ойыншының көмегімен көзді жұмып, доппен қозғалу.

6. Үстердің ішкі және сыртқы бөлігімен, әр адым сайын допты соға итеріп, тура бағытта қозғалу.

7. Зигзаг тәрізді 2 м оңға және солға доппен қозғалу.

8. Допты өзінде ұстау және тартып алу. Қағып жіберу, сырғи құлау, иықтан итеру секілді қимылдармен қарсыласынан допты тартып алуы керек. Ал добы бар ойыншы допты қарсыласынан алыс аяғымен қадағалап, аяғымен, денесімен допты жабады.

2-кешен

Доппен қозғалуды және бұрылуларды үйретуге арналған икемдеуші жаттығулар жүйесі

1. Аяқты доптан ажыратпай, аяқтың сырт жағымен өкшеге дейін сырғытып, одан кейін ішкі жағымен де солай айналдыру.

2. Допты табанмен итеріп, доптан аяқты ажыратпай, аяқтың ішкі жағымен тоқтату.

3. Дәл солай, тек екінші аяқтың ішкі жағына итеру.

4. Екі аяқтың аралығында допты соға домалату.

5. Бір бүйірмен тұрып, алыстағы аяқпен өзіне қарай өкшемен сырғыта соғу.

6. Бір бүйірмен тұрып, жақын аяғымен өзіне қарай өкшемен сырғыта соғу.

7. Екі аяқпен кезектестіре тебе отырып, допты денесін айналдыра-сырғыта домалату.

8. Допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен тебе қозғалу.

9. Аяқтың ішкі және сыртқы жағымен айнала бұрылу.

10. Алға қозғала отырып, допты екі аяқпен кезек алға-қапталға домалата қозғалу.

11. Алға қозғала отырып, допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен екі қапталға шығару.

3-кешен

Секіріп, табанмен бұрылуды үйретуге арналған икемдеуші жаттығулар жүйесі

1. Қозғалыс кезінде екі аяқтың табанын допқа кезек-кезек қою.

2. Дәл солай, тек аяқты қоюды секіріп орындау.

3. Допты табанмен екі аяққа кезек кезек домалата отырып, алға қозғалу.

4. Дәл солай, тек аяқты секіріп ауыстыру.

5. Бір аяқтың ұшымен допты теуіп, екінші аяқпен алға және артқа секіріп қозғалу.

4-кешен

Финттерді үйретуге арналған икемдеуші жаттығулар кешені

1. Үстердің сырт жағымен допты алға итеріп жіберу – табанмен тоқтату (аяқты ауыстыру).

2. Үстердің сырт жағымен допты алға итеріп жіберу – допты табанмен екінші аяққа қарай домалатып жіберу.

3. Үстердің сырт жағымен допты алға итеріп жіберу – допты табанмен екінші аяққа қарай домалатып жіберу (аяқ ауысымын секіріп орындау).

4. Аяқтың ішкі жақтарымен допты кезек кезек екі қапталға «шығару».

5. Аяқтың сырт жағымен допты бір қапталға «шығару» – сол аяғымен доптың үстінен аттап өту (аяқты ауыстыру).

6. Бір қапталға жалған адым жасау – екінші аяқтың сырт жағымен допты басқа жаққа шығару. Допты табанмен астына итере қозғап, аяқтың сырт жағымен қозғалуын жалғастыру.

7. Допты алдыға қойып, екі аяқты доптың жанынан сермеу.

8. Доптың алдында аяқты сермеу – екінші аяқтың ішкі жағымен допты қарсы жаққа «шығару».

9. Допты табанмен тірек аяғына қарай домалатып әкелу – аяқтың ішкі жағына қарай домалатып апару.

10. Эластико – денені оңға еңкейтіп, аяқтың сырт жағымен допты сол бағыт бойынша итеріп жіберіп, содан кейін дене салмағын солға ауыстырып, допты аяқтың ішкі жағына ауыстыру және қарсыласты айналып өту.

11. Рабона – оң тірек аяғының астына сол аяқты әкеліп, допты көтеру, пас беру немесе соққы орындау.

5-кешен

Допты соғуды үйретуге арналған икемдеуші жаттығулар кешені

1. Үстермен орындалатын соққылар.

2. Екі аяқтың үстерімен кезек-кезек соққылар жасау.

3. Допты тоқтатып, бір қапталға соққылар жасау (барлық соққылар аяқтың ішкі жағымен жасалады).

4. Аяқтың ішкі жағымен кезектестіре отырып, екі жаққа соққылар жасау.

5. Аяқтың ішкі жағымен соққылар жасау.

6. Аяқтың ішкі жағымен, алға соққы жасау.

7. Екі аяқтың ішкі жақтарымен кезектестіре отырып, соққылар жасау.

8. Ұшып келе жатқан допты үстермен соғу.

9. Ұшып келе жатқан допты екі аяқтың үстерімен соғу.

10. Аяқтың сырт жағымен соққы жасау.

11. Екі аяқтың сырт жағымен соққылар жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет