Қорытынды.
Футбол техникасы – бұл алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ойын кезінде қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдер жиынтығы. Олар екі негізгі топқа бөлінеді: допсыз орындалатын техникалық тәсілдер (ойыншылардың қозғалу әрекеттері) және доппен орындалатын техникалық тәсілдер. Ойын іс-әрекеттерінің сипатына қарай, футбол техникасын алаңдағы ойыншылардың техникасы және қақпашының ойын техникасы деп қарастырады. Жалпы алғанда, футбол техникасы күрделі де, сан-қырлы әрекеттерден тұрады. Футболда допты қабылдау (тоқтату) тәсілдері дененің кез келген бөлігінің серпу қимылымен, белгілі бір бұлшықет топтарын уақытылы босаңсыту, сондай-ақ допты табанмен, ішпен және балтырмен «жабу» арқылы орындалады. Ойын жоғары қарқында өтетіндіктен және алаңда ойыншылар жылдам жүгіретіндіктен, оларға допты толығымен тоқтатуға мүмкіндік болмайды. Әдетте, футболшылар ойын кезінде допты келесі ойыншыға жылдам өткізіп жібереді және ол кез келген бағытта, тіпті арт жағына беруге мәжбүр болады. Аталған техникалық әрекеттерді үйрету реттілігі мынадай: домалап келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату, ұшып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстермен, кеудемен, баспен тоқтату. Содан соң, қозғалыс кезінде және секіріп, допты дененің түрлі бөліктерімен қабылдауды үйретуге болады. Айта кететін бір жайт, допты қабылдау тәсілдерінің барлығын допты соғу техникасын үйретумен, сондай-ақ басқа да техникалық тәсілдермен үйлестіре үйреткенде ғана өз жемісін бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |