Сабақтың жалпы құрылымы. Сабақтың барысында адамның жұмыс қабілетін зерттеу дене тәрбиесінің жұмыс тәжірибесіндегі бірінші кезектегі мәселені құрайды. Бұл әрине табиғи өйткені шұғылданушылардың жағдайы туралы мәліметті есептемей олардың дамуын басқару мүмкін емес. Күнделікті қызметте маман педагогтар шұғылданушылардың жұмыс қабілеті туралы сыртқы белгілеріне қарап, яғни терінің бояуына, тыныс алу жиілігіне, тер бөліну және т.б. пікір айтады. Мысалы, селкілдеп тыныс алу қозғалысы шұғылданушылардың жұмыс қабілеті төмендегенін және олар одан әрі тапсырылған жұмысты орындай алмайтынын көрсетеді. Өз беттерінше шұғылдану сабақтарында жұмыс қабілетінің шұғылданушы басшылыққа алатын негізгі өлшем белгісі бұл – көңіл күй. Әрине, сыртқы белгілеріне және көңіл-күйіне қарап есептеу жұмыс қабілетін бағалаудың барынша сенімді жолы емес.
Гимнстика сабағында тамыр соғуының өзгеруі
(В.С.Фарфелдікі бойынша)
Оған қарап гимнастардың жұмыс қабілеттілігі "тамыр соғуымен", кезеңдермен төмендеп бастапқы шамасына дейінгіні көрсетеді және сабақ іс жүзінде шаршатып, шалдықтырмайды. Алайда шындығында бұлай емес, яғни гимнастика сабағындағы жаттығулардың арасындағы үзілістер жалпы жұмыс қабілеттілігіне сәйкес келетін алға басушылыққа қозғау салатын қарқынды ақыл-ой жұмысымен толықтырылады.
Жұмыс қабілеттілігінің негізгі аймақтары (8-сурет, үлгі) арнайы әдебиетте әдетте былай: сөреге шығар алдындағы жай-күйімен (І-ші аймақ), өнімділікпен (П-аймақ), тұрақты жай күймен (ІП-аймақ), жүмыс қабілеттілігінің төмендеуімен (ІҮ-аймақ) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |