8-сурет.
Дене жаттығуларьшен шұғылдану сабағындағы жұмыс қабілеттілігінің әдеттегі өзгеруі.
Әрбір аймақ адам психикасы мен ағзаның арнайы қызметінде күрделі қайта құрулармен сипатталады. Бұл қайта құрулар жұмыс барысында қуат шығынының ең үйлесімді жағдайын қамтамасыз етеді. Сөреге шығар алдындағы жай-күй құбылысы "жұмысқа дейінгі" жүрек дүрсілінің жиілеуімен, яғни қанның қан депосынан шығуы, өкпеде ауа алмасуын арттыру, тыныс алудың тереңдігі және жиілігі, бауырдағы гликогенді іске жұмылдыру, бұлшық еттегі гликолизді күшейту және осы тәріздес ағзаны жұмысқа дайындайтын алға басушылықпен қорытындыланады.
Сабақ барысында жұмыс қабілеттілігінің сәйкес тұрақтылығы дамып келе жатқан шаршаумен, яғни оның барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен көрсетіледі. Шаршау қозғалыс үйлесімділігінің бұзылғанында барынша көп білінеді. Бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуы олардың жиырылу қабілеттерін төмендетуге әкеледі.
Сабақтан кейін қажу қан тамырлары соғуының және тыныс алудың жиілеуімен, бұлшық ет сезімталдығының және реакция уақытының төмендеуімен, сонымен бірге басқа да бірқатар қызметтік өзгерістердің болуынан көрінеді. Дене жаттығуларының бір сабағы барысындағы жұмыс қабілеттілігінің алға басушылық ерекше белгісі осындай. Бұл алға басушылықтар қозғалыс қызметі жүйесінде ағзаның дамып жинақталған сипат жағдайын көрсетеді. Сондықтан биологиялық заңдылықтар күші оның міндетіне, дене жаттығуларының мазмұнына және оның орындалу әдісіне тәуелді емес кез келген сабақта көрінеді.
Басқа сөзбен айтқанда, марафон қашықтығына жүгіруде және таңертеңгілік дене шынықтырудың жеңіл жаттығуларының серияларында, мысалы, мектеп гимнастика сабағында барлық жағдайларда шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігі сипатталған тәртіпке сәйкес өзгеретін болады. Сондықтан педагог Бұл заңдылықтарды ескеруі және одан жинақтаған білімін педагогикалық міндеттерді дұрыс шешу үшін пайдалануы тиіс.
Сабақтың аяқталуы жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты. Спорт қондырғыларын жинау, сабақтың аяқталуына қарай сапта қайта тұрғызулар қандай да бір кездейсоқ болғанымен, шұғылданушыларды біршама тыныштандырады, жүктемені түсіруге жағдай жасайды. Алайда оқу-тәрбие міндеттерінің ерекшелігі және сабақтың қорытынды бөлімінің мазмұны шұғылданушылардың қарқынды қозғалыс қызметін жете түсініп аяқтай білуін талап етеді.
Сабақтың қорытынды бөліміне тән сәйкестік келесі педагогикалық міндеттер болады: әр түрлі күш қуаты дәрежесімен қозғалысты еркін орындай білуге біртіндеп күшін, қарқынын, жаттығудың жылдамдығын төмендетіп түсіру; назарын оқуға, еңбекке, демалысқа аудара білуге үйрету. Бұл міндеттерді шешу үшін жеңіл мөлшерленетін мына жаттығулар таңдап алынады: жүру, жеңіл жүгіру, қарапайым қозғалыстар, би элементтері және т.б. Бұл міндеттерді шешудің тәртібі жүктемені бір мезгілде түсіруі тиіс.
Сабақтың қорытынды бөлімі қисындық өзара байланыстағы бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін (11-сурет). Бірқатар сабақтарда қорытынды бөлімінің дидактикалық ақталған жүйеліліктегі міндеттері алдын ала қарастырылған болуы тиіс. Үйге берілген тапсырмаға ерекше назар аудару керек. Сабақтар тек дене тәрбиесі жүйесінің бөлшегі ғана, яғни өз бетінше жаттығумен, жарысқа қатысумен, ойынмен және т.б. толықтырылады. Үй тапсырмасын бағаламау шұғылданудың сабақтық және сабақтан тыс түрлерінің арасындағы байланысты бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: |