2.2 М.Вебердің жүріс тұрыс тұжырымдамасы және Фрейдтің тұлға үлгісі теориясы
Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. ХІХ ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым-қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маңыздысы-таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілі, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылды. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздіксіз жүріп отырды. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі., жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.
М. Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңі бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық , білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б белгілері бар. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар. Олар:
1. Байлық-экономикалық статус.
2. Билік-саяси статус.
3. Мәртебе әлеуметтік статус.
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатынын айтады. Әлеуметтік тап-өте үлкен топ. Сол тапқа кіретін адамдардың барлығы да бірдейге жақын материалдық, әлеуметік және т.б жағдайлары болуы міндет. М.Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М.Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде дәуірінде пайда болды. Жалпы М.Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типті қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екінші-нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болды. Осы қоғамда нарықтық экономиканың тірегі-капитал. Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болды. Олар, мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті т.б. М. Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа , таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады.
Капитализмдегі таптарды, топтарды, М.Вебер мынадай ретпен белгілейді:
1. Меншік иелері (тап);
2. Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы (тап);
3. Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер т.б
4. Жұмысшы табы;
Сонымен тап дегеніміз М.Вебердің анықтамасы бойынша, нарықтық экономикаға байланысты адамдардың үлкен топтары.
3. ХХ ғ. Социологиясының негізін салушылардың бірі, ірі ғалым Ресейде, АҚШ-та өмірін өткізген П.Сорокин болды. Ол қазіргі кезеңдегі әлеуметтік стратификация деп аталатын теорияның негізін салушы деуге болады. П.Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз-адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. Топтарды жоғары, орта немесе төмен деңгейлерге бөлу стратификацияның негізгі талабы.
П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияның негізі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізі мәртебелі, не мәртебесіз еңбек, мәртебелі болашағы бар немесе болашағы жоқ, не болашағы аз мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П.Сорокин қоғамның экономикалық стусындағы екі өзгеріске тоқталды. Олардың бірі, экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономикалық көтерілу, не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді, яғни экономикалық стратификациялауды П.Сорокин флуктация деген терминмен берген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалық статустарының өзгерістері. Бірақ та флуктация дегеніміз заңдылық емес, бақытсыз өзгерістер. Елдердің материалдық тұрмысы, табысы, байлығы өзгеріп отырады, яғни флуктацияға ұшырайды. Ұлттың, отбасының нақтылы елдің дамуына ешқандай да заңдылық жоқ, тек флуктация орын алады. Олардың дамуына тек қана прогреске, баюға, не болмаса кері кетуге, кедейшілікке алынған заңдылық, бағыт орын алады деп айтуға ешқандай негіз жоқ екенін П.Сорокин көрсетеді.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елднрде ашық қоғам орныққан. Ал осы процесс бәсең болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П. Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай дамытуда. Жалпы П.Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейтеді. Төменгі страталардың жоғары қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың , топтардың төмен қарай құлай түсуін әбден қажетті деп түсіну қажет.
5. Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын социологтардың тізімі өте үлкен. Олар: Т.Парсонс, Б.Барбер,У.Уорнер, М.Липсет, К.Дэвис, У.Мур, Э.Гидденс, А.Бурдье, Р.Дарендорф т.б.
Бұл социологтар әлеуметтік стратификация социологиясының негізін қалаушылар. Бірақ олардың теориялық, ғылыми тұжырымдары, ойлары біріне-бірі сәйкес келмейді. Олардың әрқайсысының өзіндік көзқарасы, өзіндік ғылыми бағыты бар. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы Т.Парсонс, американдық социолог, П.Сорокиннің шәкірті Т.Парсонс теориясы бойынша адамзат тарихында 3 типтік қоғамдар болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |