Әлихан туралы
Зерттеулер:2009–2013 жылдары Ә. Бөкейханның 9 томдық толық шығармалар жинағы шықты. 2011 жылы Әлихан Бөкейханның 145-жылдық мерейтойына байланысты 15 томдық шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Оған мақалалары, очерктері, хаттары, жеке іс қағаздары, саяси сатиралары, ғылыми және көркем аудармалары, т.б. кірді. Басылым 2011-2018 жылға дейін жалғасты.
Атаулар:1992 жылы Қарағанды обылысының Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен ол туған ауылға Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Фильмдер:1994 — «Алаш туралы сөз»режиссері: Қалила Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” ,2009 — «Алашорда» режиссері: Қалила Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм”.
Әдебиет: Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. - Семипалатинск телевидениесі, 1989. - 20 июнь. - Машинкамен терілген 14 парақ. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов. Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Семей таңы. - 1990. - 17 қаңтар. - Б. 3-4; Қазақ әдебиеті. - 1990. - 8 маусым - Б. 10-11; 15 маусым - Б. 10-11. Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. - Семипалатинск телевидениесі, 1991. - 28 октябрь. - 40 п. мәтін, фотосуреттер, құжаттар т.б. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі3 Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Алихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сайт semeylib.kz https://semeylib.kz/?page_id=2845 [1.1, 1.2, 1.3, 4,5,6бет.]
Әдебиетпорталы https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1835
[2.1,2.2,2.3,2.4, 7бет]
Достарыңызбен бөлісу: |