түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс
күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-
алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм;
ұлттық, мемлекеттiкдiндер — индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-
буддизм,
христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен
Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге
негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде
тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс
тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр
түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-
пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр
ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену
келедi. Философияның тарихында
құдайдын бар екендiгiн
дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский,
И.Кант т.б.).Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)космологиялық
дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр
қайдан
пайда
болды
2)теологиялық-дүниеде
барлығы
мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен
жаратылған 3)онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай
болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi 4)этикалық-И.Кант
құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген.
Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу
философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-
тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың
санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн
шешедi.
Философияның функциялары
1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң мәнiн түсiнуге,
табиғат пен
қоғамда өзiнiң орының табуға, құлықтылық жол табуға көмектеседi.
Адамға адам болуға көмектеседi.
2.Гносеологиялық-адамдардың
бiлiмдерiн
топтастыра,
жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял
арарқылы
дүниеге
толық,
тұтас,
жұйелiлiк
көзқарас
қалыптастырады.
3.Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық,
адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр
құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен
жамандық,еркiндiк және тендiк,әсемдiк пен гармония және т.б.)
құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi
(А.Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан).
4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам
дамуының
жалпы
және
спецификалық
зандылықтарың
ашады.Социумнiң дамуын сараптай отырып,
оның даму бағытын
болжамдайды.
5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани феномен
ретiнде
қарастырып,
адамның
өзiнiң
жеке
мәдениетiн
қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен қарау, басқа
адамдармен қатынас орнату).
6.Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық
аппараты мен, принциптер мен,
заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен)
басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық
фундамент болып табылады.