құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың
ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп
анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан
пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге
тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк
көптеген ғасырлар
ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi
қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны
«ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп
атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа
әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi
жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның
маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық
бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден
тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм
iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның
ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның
«қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн
құрайтын
көптеген
идеяларды
тұнғыш
рет
философия
ұсынған(Левкип
пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс
туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер
молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз
тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы
жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi).
Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың
ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн
үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр
философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап
көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер
философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда,
өйткенi
ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның
қиыншылықтары). Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары
интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол
жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық
бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi
жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай
жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет
бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан
философия мен жеке
ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы
болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке
ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың
(1596-1650)-барлық
философия
ағашқа
ұқсайды,
тамыры-
метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған
бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек
жеке үзiндiлерiн
ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол
ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар
жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап,
түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-
толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке
жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың
шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма
жағынаң
субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып
келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден
келiп
тұр,
ол
рационалдық,
объективтiлiк,
жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.