Реферат Тақырыбы: Иммунитет. Иммунопрофилактика негіздері және инфекционды аурулардың иммунопрофилактикасы


Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар



бет3/5
Дата19.02.2022
өлшемі31.87 Kb.
#455534
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат иммунитет тақырыбына

Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар:
1) тірі, не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасушалық вакциналар, анатоксиндер, бактериофактар, пробиотиктер жатады;
2)
спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммунды глобулиндер, иммундысарысулар, иммудытоксиндер, фермент - антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини – антиденелер кіреді;
3) жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: эзогендік иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымодуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т.б.);
4) адоптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрылысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға қосылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлеметтер т.б.);
5) жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелердір, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді , бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.
Вакциналар
Вакцина деген термин француз тілінен vacca - сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген Л.Пастер болатын. Өйткені ағылшын ғалымы Э.Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп , ол адамды аурудан қорғап қалғандығы үшін вакцина деп атаған.
Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданылады. Вакциналық әсер туғызатын заттар санына төмендегілер жатады:
- патогендігінен арылтып иммуногендігі сақталған, әлсіретілген тірі миктобтар;
- бірнеше тәсіл түрімен белсенділігі жойылған микробтардың бүтін жасушалары , не вирустрдың бөлшектері, яғни өлі вакциналар;
- микробтардан алынған субжасушалық антигендердің қосындысы (протективті антигендер);
- аурудың патогенезінде басты рөл атқаратын арнайы антигендік қасиеті бар микробтардың рекомбинантты штамдарыннан алынған табиғи антигендерге ұқсас антигендер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет