Вакцина қандай жаста салынады.
Вакцина- мына жаста салынады.
1. Вакцина бала туылғаннансоң 1-4 кунсоң БЦЖ, ВГВ.
2.2-айда ОПВ,ИПВ, ВГВ, АКДС, ХИБ, Пневмакок инфекциясына.
3. 3-айда ОПВ, АКДС, ХИБ.
4. 4-айда ОПВ, ИПВ, АКДС, ХИБ. Пневмакок инфекциясы.
5. 12-15 айда ОВВ, ИПВ, ҚҚП, моновакцина. Пневмакок инфекциясы.
6. 18-айда АКДС, ХИБ.
7. 6-жаста ( 1-сыныпта).БЦЖ, АДС, ҚҚП, моновакцина.
8. 12-жаста АДСМ.
9.16-жаста және әрбір он жыл сайын АДСМ вакцинасы салынады.
Әрбір адам сауатты болып, вакцинаның адам ағзасына өте пайдалы екендігін
түсінуі тиіс. Вакцинаның адамға зияны жоқ, пайдасы көп. Дамыған елдерде
халық іздеп жүріп өздері салдырады. Біздің елде бір адамға реакция берсе, барлық адам шошып қарайды, олда бір адамның сана-сезімінің төмен екендігін байқатады. Біз дәрігерлер жыл сайын аламыз. Әркімде организм әртүрлі, бір адам үшін, мың адам қорқуы керек емес. Әрбір адам вакцинаны уақтында алып, ауруды уақытында емдетіп отырса, аурудың әрі қарай асқынуына мумкіндік бермейді.
Сырттан болған факторларға қарсы күресу қабілеті, вакцина алған
адамдарда иммунитет жоғары болады. Осыны әрбір адам естен шығармау
керек.
Иммунды профилактика мен емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік профилактикасын, емдеуін және диагноз қоюын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның бөлімі болып саналады. Айтылған мақсаттарға жету үшін иммундық жүйеге әсер ететін, не иммунологиялық принциптерді негіздеп іс атқаратын иммунобиологиялық препараттар қолданылады.
Иммудық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қаблеттілігін арттыруға бағытталған.
Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.
Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төмендегідей жағдайларда қолданылады:
а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе
жұмысының деңгейін көтермелеу үшін;
б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу
үшін;
в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалпына келтіру
үшін;
Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина
тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу,
не емдеу үшін, аллергиялық, имунопатологиялық жағдайларда,
онкология саласында, трансплантациологияда,
иммундытапшылықтарда т.б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды
профилактика, не иммунды емдеу тек қана
жалғыз тәсіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полимиелит).
Токсинемиялық ауруларды (ботулизм, сіреспе) емдегенде
нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қан сарысуын, немесе
иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады.
Онкологиялық ауруларды емдегенде иммундыцитокиндерді
қолданудың болашағы өте зор. Иммунды алдын алудың, иммунды емдеудің негізгі – иммундық
жүйеге әсер ету. Ол әсер белсенді және енжарлы,
спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды
алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер
ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын
заттар тобы зерттеліп , жасалып шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: |