Суда: 1. Тақтайшамен жүзіңіз. Ұялмаңыз: бұл аятарыңыздың бұлшық еттерін қыздыру үшін қажет.
Бір ырғақпен жүзіңіз. Баяу жүзіп, бірақ ырғақты үнемі сақтай отырып, тоқтаусыз жүзген жақсы. Осылайша жаттығу тиімділігі арта түседі, ал керісінше болса, азаяды.
Салмақ бұлшық еттің барлық топтарына түсетіндей етіп жүзу стилін ауыстырып отырыңыз. Осылай сіздің сымбатыңыз үйлесімді дамитын болады. Еркін стильден (құлаштап жүзу) немесе шалқадан түсіп жүзуден бастаңыз. Олар техникасы жағынан күрделі емес және жылдам меңгеріледі.
Егер сіз бұл істі жаңа бастасаңыз, алдыңызға қандай мақсат (арықтау, бұлшық еттерін беріктендіру т.б.) қойсаңыз да 20 минуттан бастаңыз. Егер одан аз болса — тиімділігі шамалы болады. Аптасына үш рет айналыссаңыз жеткілікті. Ақырындап, ек-үш ай ішінде жүзу уақытын 45 минутқа дейін көбейтіңіз. Егер сіз жаңа бастап, нәтижелерге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді сезінуіңізге байланысты жүзу ұзақтығын реттеңіз.
Шұғылданып болған соң: шашыңызды ғана жақсылап кептіріп қоймай, құлағыңызды да судан босатыңыз! Ол үшін басыңызды екі иығыңызға кезек-кезек еңкейтіңіз және осы қалыпта 30 секунд ұстаңыз. Егер құлағыңыз бітеліп қалса, еңкею бұрышын ауыстырып ұстаңыз. Егер бұлай жасамасаңыз, көшеде, тіпті жылы уақыттың өзінде құлақтың қабынуы мүмкін.
Күтпеген жағдайлар: 1. Егер аяғыңыз тартылып қалса, абыржымаңыз. Аяғыңызды түзу ұстап, басын өзіңізге қаратып созыңыз. Осылай бұлшық ет жазылады да, тартылғаны басылады. Ыңғайлы болу үшін қауыздың шетінен немесе жолдардың жиегінен ұстауға болады.
Егер бүйіріңіз шаншып кетсе (бұл дұрыс дем алмаудан да болуы мүмкін), тоқтаңыз да, терең дем алыңыз, деміңізді суда шығарып, тереңірек тыныс алуға тырысыңыз. Осылайша тыныс алу тезірек қалпына келеді.
Екатерина Геннадьевнаның пікірі бойынша, ең дұрысы жүзуді 7-8-9 жаста үйренген жөн: «Балалар тез үйренеді, оларда су апатынан қорқу сезімі әлі қалыптаспайды ғой». Алайда, сіздің балалық жастан кеткеніңізге талай уақыт болса да, жүзіп көріңіз! Жүзуді бастасаңыз-ақ, өзіңіздің құмартып қалғаныңызды байқайсыз, денеңіз суға түсуді аңсап, миыңыз демалыс пен тыныштықтан рақат табатын болады.