Когнитивтік психология – қазіргі психологиядағы таным әрекеттерін зерттейтін жетекші бағыттарының бірі. Әуел баста когнитивтік психологияның басты міндеті - сенсорлық ақпараттың стимулдың рецепторлық бетке түскен сәтінен жауап алынғанға дейінгі өзгермелерін зерттеу болды.
Когнитивтік психология бехевиоризм мен психоанализді интеллектуалистік немесе менталистік позициялардан сынайтын барлық бағыттарды қамтиды.
Когнитивтік психология – білімдер негізінде адамның қылықтарын түсіндіретін және сол білімдердің үрдістері мен қалыптасу динамикасын зерттейтін психологиядағы зерттеу бағыттарының бірі.
Өзі және дүние туралы білімдері жөнінде дамыған танымдық үрдістер мен санаға байланысты адам психологиясының бір бөлімі. [1]