Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет, Behaviorism) - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды.
Биховиоризм ерік еркіндігін құр қиял деп есептеді, адамның барлық ісін тума қасиеті және тәжірибе ортасы белгілейді, тума қасиеттер тәжірибе ортасында ашылады, не өзгереді, адамдардың барлық тәжірибесін сыртқы қажеттілікке талпыну аңсары белгілейді, сондықтан әрекет дағдысын жақсарту мен күшейту адам өмірінде өзгеріс туғызады деп есептеді.[1]
Биховиоризм негізінен әдіснамалық өзгешелікке мән береді. Биховиористер бойынша бір адамның әрекетін күзету мен талдау жасау сол адамның психологиялық күйін түсінудің кілті деп есептейді.
Психология тек әрекетті зерттеумен айналысуы керек, әрекетсіз сана, әрекетте бейнеленбейтін психологиялық сана түсініксіз нәрсе. Оны ғылыми түрде зерттеу мүмкін емес. Сондықтан олар кейде тіпті өздерін психологиямен айналысушы емес, "әрекетті анализдеуші", "әрекет ғылымымен" шұғылданушы деп атайды.
Биховиоризмді мынадай түрлерге бөлуге болады:
Классикалық биховиоризм (Classical): Джон Б. Уотсон (John B. Watson ) дәріптеген биховиоризм бағыты. Олар психологиялық барыс және ішкі көңіл ауаны дегенді терістеп, әрекетті бірден-бір психологиялық күй ретінде сипаттайды.
Методологиялық биховиоризм (Methodological):үшінші адамның объективті күзетуін негіз етіп, субъектілер арасындағы зерттеуге болатын байланысты хатірелеп, қорытынды жасау. Бұл әдіснама кейін когнитивті психология жағынан қабылданған.
Радикалды биховиоризм (Radical): B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner) қатарлылардың биховиоримі. Олар іс-әрекет дағдысын механикалы түсінуге, қарапайымдастыруға қарсы болды. Психология ішкі көңілдің сыртқы айнасы ғана емес, ол адамның өзін сезінуінің ерекше жолы деп қарады.
Логикалық биховиоризм (Logical): Оксфорд университетінің философы Ж.Райла(Gilbert Ryle)өзінің «Мидағы ұғым» (The Concept of Mind(1949))деген кітабында қалыптастырған.
Мақсат биховиоризмі (Teleological): Скиннерге қатысты қалыптасқан ағым. Олар адамды мақсат арқылы түсіндіреді, әсіресе микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану теорияларында мақсаттылықты негізгі түйін ретінде зерттеу тетігі етіп қолданады..
Теорияшыл биховиоризм (Theoretical): Скиннердің ағымының тағы бір қасиеті, олар ішкі жан дүниедегі көңіл күйді күзетуге болады деп есептейді, психологияны зерттеуде қазіргі заман технологиясына да үміт артады, бірақ теория мен практика ортасында байсалды жол ұстанады.
Биологикалық биховиоризм (Biological): Адам зердесінің жүйке жүйесіне қатысына айырықша мән береді;
Ішкі биховиоризм (Interbehaviorism):J. R. Kantor, L. Hayes、E. Ribes、S. Bijou секілділердің зерттеуі. Олар биологиялық бүтіндіктің ішкі барысына, адамның іс-әрекет түйсігіне зерттеу жасайды.
Бұдан басқа, бихевиоризмнің теориялық негізін салуға ат салысқан Л. Блумфилд (АҚШ).Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский)тағы басқа кездеседі.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |