Реферат тақырыбы: Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі Орындаған : Тулешева Гульнур


Қазақстан  Республикасындағы коммерциялық  банктердің даму жағдайы және  олардың басқарылу деңгейін бағалау  («Темірбанк» АҚ мысалында)



бет6/9
Дата02.01.2022
өлшемі75.3 Kb.
#453690
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
гулшат апаи тулешева

2 Қазақстан  Республикасындағы коммерциялық  банктердің даму жағдайы және  олардың басқарылу деңгейін бағалау  («Темірбанк» АҚ мысалында)

 2.1 Қазақстанның банк  секторын стратегиялық басқарудың қаржылық нәтижелерін талдау 

Банк секторы, бүкіл қаржы  жүйесінің ахуалы оның жағдайына  байланысты болатын қаржы нарығының  ірі сегменті болып табылатындықтан, банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін Индикаторлар жүйесі де әзірленген. Қазақстанның банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығына мониторинг пен талдау жүргізу мақсатында қазіргі  уақытта отандық банк жүйесіне жоғары дәрежеде ұшырағыш тәуекелдерді көрсететін көрсеткіштер жасалды. Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер өзіндік ұйымдастырушылық құрылымға, ішкі және сыртқы байланыстарға, қызмет етудегі объективті заңдарға ие. Банк жүйесі банк ісінде де, сонымен қатар экономика жүйесінде де маңызды орын алатыны анық.

2016 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің саны 38. Оның ішінде жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктердің саны біреу ғана, яғни ол «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны 6-ға , қосымша үй жайларының саны 86-ға артқан. Екінші деңгейдегі банктердің шетелдегі өкілдіктерінің саны 1-ге және Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны 1-ге кеміген.   



 

2.1 Кесте. Қазақстан Республикасының  банк секторының құрылымы



Банк секторының құрылымы

1.01.14

1.01.15

01.01.16

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде:

39

38

 




38

жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер

1




1




1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдар  саны

365




380




386

Екінші деңгейдегі банктердің қосымша  үй-жайларының саны

1 881




1894




1980

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны

17




16




12

Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны

29

28

29

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны

34

35

35

Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны

10

10

10

 

Еліміздегі 38 комммерциялық банктің ішінде, өкінішке орай  активтері бойынша  жоғары концентрацияны санаулы банктер  ғана көрсетеді. Активтері 1 трлн. теңгеден аспайтын банктердің,  еліміздегі банк секторының активтерінің жалпы көлеміне шаққандағы активтерінің  үлесі 27%-ды құрады.



 2.2 Кесте.  Активтерінің көлемі бойынша  банктер саны туралы ақпарат

Активтер  мөлшерінің диапазоны

01.01.12

01.01.13

01.01.14

01.01.15

01.01.16

2000 млрд. теңгеден жоғары

2

1

2

2

2

1000-2000 млрд.

2

4

2

2

2

500-1000 млрд.

2

1

1

2

5

100-500 млрд.

6

9

11

11

9

50-100 млрд.

6

5

5

5

8

10-50 млрд.

5

7

8

12

10

10 млрд. теңгеге дейін

14

11

10

4

2

барлығы

35

38

39

38

38

 

Олардың саны 01.01.2016 жылы 33-ті құрады немесе банктердің жалпы санынан 89%.Осыған сәйкес активтерінің үлесі бойынша жоғары орынды 5 банк («БТА Банк» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ ) алып отыр.



Елімізде  коммерциялық банктерді бірнеше  топтарға бөліп көрсетеді.

1 топ  – портфелінің құрылымы, даму  стратегиясы, банк қызметтері  нарығында жұмыс істеу ұзақтығы  бойынша сипаттамалары ұқсас 4 ірі банк«Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ).

2 топ  – шетелдің қатысуы бар ірі  жəне орта банктер ( «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «АЛЬФА-Банк» ЕБ АҚ).

3 топ  – басқа орта банктер, оның  ішінде отандық капиталы бар  («Нұрбанк» АҚ, «JUSANбанк» АҚ, «KaspiBank»  АҚ, «Еуразия Банкі» АҚ,,

4 топ  – басқа банктер. 

2.2 «Еуразия банкі»  АҚ-ғы корпоративтік басқару  жүйесі және оның жүзеге асырылуы

 Корпоративтік басқару деп Банктің жалғыз акционері, Директорлар кеңесі жүзеге асыратын жəне олардың Банктің атқарушы органымен жəне өзге мүдделі адамдармен (қызметкерлермен, клиенттермен, əріптестермен, контрагенттермен, банктік реттеу жəне қадағалау органдарымен, мемлекеттік билік жəне басқару органдарымен) мынадай:

- Банк қызметінің  стратегиялық мақсаттарын жəне  тиімді басқару жүйесін анықтау;

- Банктің  басқару органдарының жəне оның  қызметкерлерінің Банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті барлық іс- əрекеттерді орындауын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің ынтасын құру;

- Банктің  жалғыз акционерінің, Директорлар  кеңесі мүшелерінің жəне атқарушы органдарының жəне өзге мүдделі тұлғалардың мүдделері теңгеріміне

қол жеткізу;

- Қазақстан  Республикасы заңнамасының, Банк  Жарғысының, Іс этикасы кодексінің жəне Банктің өзге ішкі құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде қарым-қатынастарының кешенін қамтитын Банктің қызметіне жалпы басшылық  ету түсіндіріледі.

Корпоративтік басқару жəне компанияны бақылау  жүйесін құратын органдар мыналар болып табылады:

- жалғыз  акционер;

- Директорлар  кеңесі;

- Атқарушы  орган – Президент;

- Ішкі аудит  қызметі.

Банк  қызметіне байланысты анағұрлым  маңызды шешімдерді Банктің Жарғысында жəне Директорлар кеңесі анықтаған өз құзыретінің шегінде жалғыз акционер қабылдайды. Банктің ағымдағы қызметін басқаруға байланысты шешімдерді Банктің Президенті қабылдайды.Корпоративтік басқару қағидаттары – корпоративтік  басқару жүйесін қалыптастыру, оның жұмыс істеуі жəне жетілдіру  негізінде жататын шығыс бастауы. Банкте  корпоративтік басқару əділдік, адалдық, жауапкершілік, есеп беру, айқындылық, кəсібилік пен құзыреттілік негіздеріне құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Банк қызметіне барлық мүдделілердің құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді ұйғарады жəне Банктің, оның ішінде қаржылық тұрақтылық пен шығынсыздықты қолдау жөніндегі табысты қызметіне ықпал етеді.

Корпоративтік басқарудың негізін қалайтын қағидаттар мыналар болып

табылады:

- жалғыз  акционердің құқықтары мен мүдделерін  қорғау принципі;

- Банктің  Директорлар кеңесін жəне атқарушы  органды тиімді басқару қағидаты;

- Банктің қаржы-шаруашылық қызметін тиімді бақылау қағидаты;

- Банктің  қызметі туралы ақпаратты ашу  айқындылығы мен объективтілігі қағидаттары;

- заңдылық  жəне этика қағидаттары;

- əлеуметтік  жауапкершілік қағидаты жəне  мүдделі тұлғалармен

əріптестік  қарым-қатынастарын дамыту;

- корпоративтік  шиеленістерді реттеу саясаты.

Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану Банк қызметін объективті талдауды жүргізу жəне талдамашылардан, қаржы консультанттарынан, рейтингтік агенттіктерден тиісті ұсынымдар алу үшін тиімді көзқарасты жасауға жəрдемдесуі тиіс.

Банктің Директорлар кеңесі, атқарушы органы этикалық нормалар мен

кəсіптік  қызмет стандарттарының қатаң сақталуын, корпоративтік мəдениетті

құруды қамтамасыз етуі тиіс. Банктің барлық қызметкерлері  корпоративтік

басқару процесінде өзінің рөлін тануы, түсінуі жəне осы процеске толыққанды

қатысуы тиіс.

Банкте  корпоративтік басқару Банктің  жалғыз акционерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жəне құрметтеу қағидатына негізделген жəне Банктің тиімді қызметіне, оның ішінде Банк активтерінің өсуіне жəне Банктің қаржы тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал етеді.

Корпоративті  басқарудың ұстанымдары - бұл өзінің корпоративті басқару жүйесін қалыптастыру, қызмет атқаруы мен жетілдіру  үдерісінде Банк басшылыққа алатын бастапқы беталысы. Банкті корпоративті басқару, ең алдымен, акционерлердің заңды мүдделері  мен құқықтарын және Банктің өзінің беделін құрметтеуге негізделеді  және Банк қызметінің тиімді өсуіне, сонымен  қатар Банктің кіріс әкелетін активтерінің өсуіне, жұмыс орындарын  құру мен Банктің қаржылық тұрақтылығы  және табыстылығын қолдауға бағытталған.

Корпоративтік басқару Банктің жалғыз акционеріне  Банкті басқаруда қатысуға байланысты өз құқықтарын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Банк жалғыз акционердің негізгі құқықтарын іске асыруды

қамтамасыз  етеді:

1) оған тиесілі  акцияларға иелік ету, пайдалану  құқығы;

2) Банкке  оның қызметі туралы жазбаша  сауалдармен өтініш беру жəне Банктің Жарғысында белгіленген мерзімде дəлелді жауаптар алу құқығы;

3) Банктің  органдарын құруға жəне/немесе  сайлауға қатысу құқығы;

4) Банктің  қызметі туралы ақпарат алу  құқығы, оның ішінде Банктің Жарғысында анықталған тəртіппен Банктің қаржылық есептілігімен танысу.

5) тіркеушіден  оның банк акцияларына меншік  құқығын растайтын үзінділер алу құқығы;

6) сот тəртібімен  Банк органдары қабылдаған шешімдерді  даулау құқығы;

7) Банкті  тарату кезінде мүліктің бір  бөлігіне құқық;

8) Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тəртіппен Банктің акцияларын жəне оның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы жəне т.б.

Банктің корпоративтік басқаруында банктік  тəуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жəне үйлестіру маңыздылығын ескере отырып, Банк құрылымында тұрақты негізде банктік тəуекелдер деңгейін анықтаудың, өлшеудің (бағалаудың) жəне оңтайландырудың пайдаланылатын жəне жаңа əдістерін əзірлеуді тұрақты негізде талдау жүргізуді жүзеге асыратын Қаржы тəуекелдерін  бақылау басқармасы жұмыс істейді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет