Компьютерлік томография. Биологиялық нысанның ішкі құрылысын бүлдірмей қабат бойынша зерттеу әдісі.
Бұл әдісті 1972 жылы Годфри Хаунсфилд пен Аллан Кормак ұсынған, осы еңбектері үшін олар 1979 жылы Нобель сыйлығын алды.әдіс рентгендік сәуле шығарудың
тығыздықтары әр түрлі ұлпалардағы әлсіреуін есептеу мен күрделі компьютерлік өңдеуге негізделген.
Кез келген рентгендік бейне алу рентген сәулесі өтетін ұлпалар мен мүшелердің тығыздығының әр түрлі болуына негізделген.Қарапайым рентгенографияда рентгендік сурет зерттелетін мүше немесе оның бөлігінің көрінісі болып табылады.Мұнда ұсақ патологиялық құрылымдар нашар көрінуі немесе ұлпалардың суперпозициясы (бір қабаттың екіншісіне беттесуінен) салдарынан мүлде көрініс бермеуі мүмкін.Мұндай бөгеттерді алып тастау үшін медициналық практикаға компьютерлік томография әдістемесі енгізілген.Әдіс ұлпалардың көлденең қабатының оңашаланған бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге рентгендік сәулелердің жіңішке ағыны бар рентгендік түтікшені пациент арқылы айналдыру жолымен жетуге болады. Одан кейін арнаулы компьютерлік программаның көмегімен бейнені реконструксациялайды.Диагностика үшін оптимальды,қарапайым рентгенодиагностика мүмкін болмайтын бейне алу,мүшелерге қатысты анық мағлұмат береді.
Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты.Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300-500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды.Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты.Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |