Ультрадыбыс белгілі ортада заттардың кезектесіп келетін сығылу және сиректелу аймағы түрінде тарайды.Дыбыс толқындар тербеліс периодымен — молекула толық бір тербеліс жасайтын уақытпен, жиілік уақыт бірлігіндегі тербеліс санымен, толқын ұзындығы бір фаза уақыт ішіндегі қашықтықпен және таралу жылдамдығымен сипатталады.Таралу жылдамдығы толқын тарайтын ортаның серпімділігімен тығыздығына көп тәуелді болады.Толқын ұзындығы жиілікке кері прпорционал.Толқын ұзындығы қысқа болған сайын ультрадыбыс аппаратының ажырату қабылеті жоғары болады. Медициналық ультрадыбыстық диагностика жүйелерінде көбінесе 2 МГц тен 10 МГц – ке дейінгі жиілік пайдаланылады.Қазіргі замандық ультрадыбыстық аппаратардың ажырату қабылеті 1-3 мм - ге жетеді.
Кез келген орта,оның ішінде ағза ұлпасы ультрадыбыстың таралуына бөгет жасайды.Олардың шамасы орта тығыздығына, ультрадыбыстың жылдамдығына тәуелді болады.Айтылған параметрлер жоғары болса, акустикалық кедергі де үлкен болады. Кез келген осындай эластикалық ортаның жалпы сипаттамасы «импеданс» терминімен белгіленеді.
Акустикалық кедергісі әр түрлі екі ортаның шекарасына жеткен ультрадыбыс толқындарының шоғыры көп өзгеріске ұшырайды: оның бір бөлігі жаңа ортада белгілі бір дәрежеде жұтылып, әрі қарай таралуын жалғастырады,екіншісі —шағылады. Шағылу
коэффициенті бір - бірімен шекараласатын ұлпалардың акустикалық кедергілерінің айырмасына тәуелді. Айырма үлкен болса шағылу күшті,сондықтан аппарат экранында жарық, анық болып көрініс береді. Ұлпалар мен ауа арасындағы шекара толық шағылдырғыш бола алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда,яғни ХХІ ғасырда адам өміріне қай тұрғыда болмасын дұрыс диагноз қою әрбір дәрігердің басты міндеті.Бұл міндетті бұлжытпай орындау ғылым- білімнің соңғы жетістіктерімен бір-біріне тығыз байланысты.Жаңа технологиялармен жұмыс атқаралатын,дұрыс диагноз қойып,дұрыс емдейтін дәрігер ең білікті де, білімді дәрігер болып есептеледі.Мұның барлығы сол технологиялардың арқасында деп білемін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Көшенов Б.К., Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика2014 г.
Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика для Вузов и колледжей, А.: 2014 г.
Ремизов А.Н. Медициналық және биологиялық физика: оқулық / жауапты редактор Байдуллаева Г.Е., Мәскеу ГЭОТАР-Медиа 2019.
Антонов В.Ф., Козлова Е.К., Черныш А.М. Физика и биофизика: для студентов медицинских ВУЗов 2-ое изд., Москва ГЭОТАР-Медиа 2019.
Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учебник 4-ое изд., Москва ГЭОТАР-Медиа 2018.
Достарыңызбен бөлісу: |