Реферат Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы Орындаған: Келесбаева А. Ж уа-31 Тексерген: Шейх А. Ж



Дата30.11.2022
өлшемі29.53 Kb.
#466069
түріРеферат
Мажитова Аружан УА-31. Каржы



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат
Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы


Орындаған: Келесбаева А.Ж УА-31
Тексерген:Шейх А.Ж

Қарағанды 2022 ж


Жоспары:
1.Мемлекеттік қаржы, оның экономикалық рөлі және қызметі....................................3
2.Мемлекеттік бюджет және оның қызметі...................................................................5
3.Қазақстан Республикасының қаржы саясаты............................................................. 7
Қорытынды.......................................................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................10

1.Мемлекеттік қаржы, оның экономикалық рөлі және қызметі


Мемлекеттік қаржы – қатысушысы белгілі-бір тұрғыдан алып қарағанда мемлекет болып табылатын, ақша қатынастарының нысаны.


Мемлекеттік қаржы – экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы, мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге және мемлекетке тән қызметтерді атқаруға қажетті ақша қорларының құрылу және қайта бөліну жүйесі.
Мемлекеттік қаржы орталықтандырылған (жалпы) қаржы бөлігіне жататын қаржы жүйесінің бір бөлімін құрайды.
Мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты – мемлекеттің функцияларын орындауға қажетті қаржы ресурстарының құрылу көздерін және қолданылуын қамтамасыз ету.
ҚР мемлекеттік қаржысына келесідей функциялар тән:
1.Бөліп таратушылық, яғни ақша қаражаттарының мемлекет қолында жинақталуы және ары қарай жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында олардың қолданылуы жүргізіледі. Қайта бөлу функциясы орталықтандырылған қорлар жүйесі арқылы іске асырылады және оның нәтижесі болып келесілер болып табылады:
- қайтарымдылығы жоғары салалар табыстарының қайтарымдылығы төмен салаларға бөлінуі (мысалы, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына);
- өндірістік емес сала ұйымдарын бюджет есебінен қамтамасыз ету;
- тұрғылықты халық арасындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында табыстарды қайта бөлу;
- әртүрлі аймақтық туындамалар арасында табыстарды қайта бөлу.
2. Реттеу функциясы бюджеттік қордың құрылуы және қолданылуымен байланысты. Бюджеттік қор салықтар, қарыздар, мемлекеттік меншіктен түсетін кіріс есебінен құрылады. Салық арқылы мемлекет экономикалық белсенділікті тежей немесе керісінше қосымша серпін бере алады.
Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыра отырып мемлекет қоғамдық шаруашылықтың құрылымын өзгертуге, шаруашылық нәтижелеріне ықпал етуге, әлеуметтік түрлендірулер жүргізуге мүмкіндік алады. Бюджеттік қорды ҒТП жылдамдату үшін қолдана отырып, дәл осы бюджеттік қор ел экономикасына жағымды ықпал ете алады. Ғылымды бюджеттік қаржыландырудың жаңа механизмін құру, кадрларды дайындау және қайта дайындаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, жаңа өнім түрлеріне табыс салығын салу жүйесінде жеңілдетілген салық режимін қолдану және тағы да басқа осындай бюджеттік іс-шаралар ғылыми жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, жаңа техникалық жетістіктерді, оларды өндірістке енгізу мерзімдерін қысқартуды ынталандыруға жетелейді, ал бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатудың негізі болады.
3. Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы қаржылық ресурстердың қаншалықты уақытылы және толық мемлекет және жергілікті билік органдарының қарамағына түсетінідігін, бюджеттік қаражаттарды бөлудегі үйлесімділіктің нақты мәнін, олардың қолданылу тиімділігін білуге болады. Мемлекеттік қаржының бақылау функциясын кең мағынада және де тар мағынада қарастырған жөн.
Тар мағынада бақылау функциясы келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
-орталықтандырылған қорларға қаражаттарды аудару уақыттылығы және дұрыстығын бақылау;
- өндірістік және әлеуметтік даму қажеттіліктерін есепке ала отырып ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларға берілген параметрлердің сақталуын бақылау;
- қаржы ресурстарының мақсатты және тиімді қолданылуын бақылау.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы негізінде мемлекеттің ақша қаражаты қорын құру және қолдану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында өтетін экономикалық процестердің айқындалуы жүзеге асырылатыны жатыр. Соның арқасында бюджет мемлекет қарамағына әртүрлі шаруашлық субъектілерінен ресурстардың қалай түсетіні туралы, мемлекеттің орталықтандырылған ресурстары оның қажеттіліктер көлеміне сәйкестігі туралы «белгі» бере алады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржыны ақша қорларын құру, бөлу және қолдану бойынша қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде таниды. Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттік бюджет және оның қызметі


Мемлекеттік бюджет – бұл қаржы саласындағы бөліп таратушылық процестерін қамтитын, өз қаражат көздеріне ие, төмендегі принциптерге негізделе отырып шығындар мен кірістерді қосатын елдің негізгі қаржылық жоспары:


- біртұтастық бюджеттік жүйенің ұйымдастырушылық-экономикалық дәрежесін білдіретін (яғни ел аумағында қызмет атқаратын мемлекеттік шығындар мен кірістердің жалпы жүйесінің бірыңғай бюджеттік жүйеде, қаржылық құжаттардың, бюджеттік классификацияның бірлігінде көрінеді) және бюджеттік жоспарлаудың әдістемелігі және ұйымдастырушылығының бірлігін кепілдендіреді;
- толық үкіметтік қаржылық операцияларының, яғни ақша қаражаттарының кірісі және шығысының бюджетте жинақталуын білдіреді;
- шынайылық мемлекеттің қаржылық операцияларының шынайы түрде бюджетте айқындалуын, әлеуметтік-экономикалық саясатты шешу үшін есептеулер және болжамдар негізінде бекітілген бюджеттік тағайындаулардың сәйкестігін көздейді;
- жариялылық бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді, бюджет құрылымы, дефицит көлемі және оны басқару әдістеру туралы деректерді қоғамға жариялау талаптарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәні бөліп таратушылық және бақылау функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Орта мерзімді кезеңде бюджеттік саясат бюджеттік жоспарлаудағы жаңа көзқарастар есебімен жүргізіледі. Қазіргі таңда жалпы экономикаға ынталандырушы әсерін тигізетін бюжеттік шығындардың өсімін қамтитың мемлекеттік шығындардың ұстамды саясаты жүргізілуде.
2020 ж. дейінгі шығындардың саясаты көптеген шектеулерді есепке ала отырып анықталады:
- бюджет шығындарының теңестірілуін қамтамасыз ету;
- ішкі нарықты қарыздық инструменттердің қажетті деңгейімен қамтамасыз ететін мөлшердегі бюджеттік дефицитті жабуға бағытталған ауыстыруларды жоспарлау;
- елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірінші рөлі.
Бюджет дефицитін қаржыландыру саласындағы ҚР Үкіметінің саясаты бірегей және тиімді қызмет атқаратын ел қарызын басқару жүйесін құруға бағытталған. Мемлекеттік және жалпы сыртқы қарызды басқару бойыша тұжырымға сәйкес Үкімет, мемлекеттік сыртқы қарызды басқару деңгейін көтеруге бағытталған шаралады қабыладайды.
Үкімет ірі инфраструктуралық және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін сыртқы қарыздарды тартуға мүдделі. Сыртқы үкіметтік қарыздарды жабу халықаралық қаржы ұйымдарымен, шетел мемлекеттерінің үкіметтерімен, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар беретін үкіметтік қарыздарды өтеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Республикалық бюджеттің шығындары мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға, сонымен қоса мемлекеттік органдардың, ведомстваға қарасты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттік кодексті қабыладау.
Бюджеттік кодекстің 16 тармағына сәйкес Заңды бекітумен қоса жүргізіледі:
1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы ҚР Үкіметімен ҚР Парламентіне ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады. Сонымен қоса, Үкімет республикалық бюджеттің алдағы үш жылға болжанған көрсеткіштерін ұсынады.
2. Ары қарай республикалық бюджет жоспары алдымен Мәжілісте, сонан соң Сенатта қаралып, кейіннен палаталардың біріккен отырысында республикалық бюджетті бекітеді немесе оған өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі. Талқылауға ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының және сәйкес қаржы жылына республикалық бюжет туралы заң жобасыныңҮкімет уәкілдеген тұлғаларының, ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты бойынша орынбасарының, сонмен қоса ҚР Парламентінің Палаталарымен уәкілденген тұлғалардың, қарастырылып отырған мәселе қорытындысымен қоса есеп беруі кіреді.
3. Алдағы қаржы жылына республикалық бюджет республикалық бюджеттік бағдарламалар деңгейінде ҚР Парламентінің Палаталарының біріккен отырысында, ең аз дегенде екі оқылымнан кейін және ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

3.Қазақстан Республикасының қаржы саясаты


Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.


Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының кұрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады.
Қаржылық саясат қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.
Таңдап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сөзсіз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның «алтын ережесін» сақтауға - болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде экономикалық жағдайды объективті бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткені дамудың жалпы үрдісі қаржы жүйесі арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейін қолдауға, денсаулық сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттің басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып табылады.
Қаржылық саясатты жасау үдерісінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Тап сондықтан қаржылық саясат экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. Демек, қаржылық саясат қаржылық ресурстарды іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы жалпы экономикалық категория ретінде абстракцияның аз дәрежесі болатын (салықтардың, бюджеттің және т.б.) жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргізуші субъектілер, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетін салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механизмдерін бөлуге болады.
Мемлекеттің каржылық саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
Қаржылық стратегия - экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржылық саясаттың ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық үдерістер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығылық үнемі анықталып отырады.
Қаржылық стратегияны мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау үдерісінде қаржыны дамытудың негізгі үрдістері болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржылық саясатта мақсатты бағдарламаларды жасау қаржылық ресурстарды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Қорытынды


Осы жұмысты қортындылай келе мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Оны тиімді де, икемді жұмсау білу көптеген қиын түйіндерді шешеді. Ол арқылы халықшаруашылығы, әлеуметтік сақтандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.


Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті негіздері берілген. Ол кез келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығындары (ақша қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.
Бюджет кірісінің шоғырланып, шығындарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне еңген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске асады.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты - елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары - мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.
Мемлекеттік қаражаттарды бөлу мен пайдалану тиімділігін көтеру мақсатында бюджеттік процесті жетілдіру жөнінен бірқатар шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттің бірлігі жасалынды, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың бағдарламалық әдісі енгізілді, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар саны қысқартылды, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара қатынастар түзетілді, есептеу – кассалық қызмет көрсету, бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау әдістері жетілдірілді.

Пайдаланылған әдебиеттер



1 «Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. өзгертулермен және толықтырулармен 1998.10.07.
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөліктер). – Алматы: Заңгер, 2002. – 329 б.
3 Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы
4 Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары (тиісті жылға). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары
5 Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы
6 Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 2013 қаулысы. - № 1497
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.16 N Қаулысы. No 599 «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы».
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.08.29 N Қаулысы. No 754 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы" (2008 жылғы 16 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен)
9 Қазақстан Республикасының 2013.12.03 № 149-V ҚР «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет